«Балқаш қаласының жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ-нің 11 сынып оқушылары Қарағанды мемлекеттік техникалық университет мамандарымен онлайн кездесуге қатысты.

Дата: 2020-12-07 10:25:50

 

Мақсаты: оқушылардың мамандық туралы көзқарастарын дамыту, мамандық әлемі  туралы ақпарат алу арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.

11 сынып оқушылары университеттің факультеттері және университеттегі студенттерге   арналған жеңілдіктер туралы ақпараттандырылды. Кездеуді ұйымдастырып, ақпарат дайындаған ТОМиС кафедрасының басқарушысы  В.В.Юртенко,ТОМиС кафедрасының оқытушысы Д.С.Қасымбабина, аға оқытушысы А.К.Матешов, машина жасау факультетінің деканы И.И.Ерахтима.Қатысушылар көкейтесті сұрақтарын қою арқылы ашық ойларын білдірді. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарның жандануы үшін ақпаратты кездесу алдағы уақытта жалғасын табатыны сөзсіз.