«Кітап-отбасы даналығы»

Дата: 2020-11-30 09:53:51
«Кітап-отбасы даналығы»

Қараша айының 27 күні «Бір отбасы-бір кітап» облыстық акциясы аясында «Кітап-отбасы даналығы» атты қалалық мектептер арасында zoom платформасында интеллектуалдық сайыс өткізілді.  

Жалпы білім беретін № 24 орта мектебінің атынан Мусаевтар отбасы қатысты.  Мақсаты: Қазақтың асыл ұлы Абай Құнанбаевтың - 175 жылдығына орай 7 сынып оқушыларының отбасымен байқауын ұйымдастыру. Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, өлендерің, әндерін мәнерлеп айту. Мусаевтар отбасы белсенділік танытып, өз өнерлерін көрсетті. «Асыл ойды танушы» номинациямен марапатталды.