Балқаш қаласындағы медициналық колледжіне 9 сынып оқушыларының саяхаты туралы ақпарат

Дата: 2020-09-24 13:35:26
Балқаш қаласындағы медициналық колледжіне  9 сынып оқушыларының саяхаты туралы ақпарат

№24 орта мектебінің 8 – 9 сынып оқушылары кәсіби білім беруде мекемелермен бірлесіп бағыт беру алдындағы, кәсіби бағыт беру жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында қаламыздағы медициналық колледжіне барды.

Ең алдымен «Фельдшер» мамандығын оқып жатқан сутденттер өздерінің мамандығы туралы видеоролик арқылы мамандық туралы ақпарат беріп өтті. Артынан өздерінің өнерлерін ортаға салды. Одан кейін «Акушер» мамандығын оқып жатқан студенттер өнерлерін көрсете отырып, өздерінің мамандығына статистика жасады.

Студенттердің көрсетілімдерінен кейін колледж оқытушыларының көмегімен ғимаратты аралап, сабақ оқытылатын кабинеттермен де жеке – жеке танысып өтті. Саяхат барысында студентердің қолдан жасаған бұйымдарынан ұйымдастырылған көрмемен танысты. Сабақтар өтетін кабинеттермен жеке – жеке таныстырылды. Соңында медицинаға байланысты әр түрлі тақырыпта слайд – фильмдер, видеолар көрсетілді. Соңында оқушылар көріп – білгендері туралы және медицина саласы жайлы қандай ой түйдгендері туралы өз ойларын ортаға салды.