№24 орта мектебінде өткізілген Қарағанды Мемлекеттік университеті (КарМУ) мамандарымен кездесу

Дата: 2020-09-24 12:43:27
№24 орта мектебінде өткізілген Қарағанды Мемлекеттік университеті (КарМУ) мамандарымен кездесу

  Қарағанды Мемлекеттік университетінен мамандар келіп өздерінің оқу орындары туралы ақпарат беру мақсатына 11 сыныппен кездесу өткізді.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қарағандықаласындағы мемлекеттік жоғары оқуорны. Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Қазақстан тарихындағы екінші жоғары оқу орны және еліміздің бұрыннан келе жатқан ірі университеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі қоғамның дамуы, экономикалық гүлденуі, өмір сапасы, ұлттық қауіпсіздігі білім беру саласының жағдайымен, ғылымның өрістеуімен, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін тәжірибе жүзінде пайдалану тиімділігімен айқындалады.

Университет туралы ақпарат бере отырып, ондағы оқытылатын мамандықтар туралы да айтып өттті. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды.