ДЕБАТ

Дәреже: ДЕБАТ

«БП балаға жасалынатын зорлық-зомбылыққа қарсы»

Қарағанды облысы білім басқарамасы, Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты» КММ 5-9 сыныптар арасында , өзін-өзі басқару ұйымының көмегімен,тарих пәні мұғалімі Шолакова Л.Б ұйымдастырумен «БП балаға жасалынатын зорлық-зомбылыққа қарсы»атты қарар аясында дебат ойыны болып өтті. Дебатқа ойыншылар дайындықпен келді. Қазақ лигасы бойынша 5-7 сыныптар арасында 7А сыныбы 1 орынды, 8-9 сыныптар арасында 8А сынып оқушылары 1орынды жеңіп алды. Ал орыс тіліндегі лигасынан 1 орынды 7Б сыныбының оқушылары атап айтсам Семенова В мен Талгатқызы Райхан жеңіп алды. Дебатқа оқушылар бірінші рет қатысты. Дебат өз жоспарымен өтіп жатыр.Оқушылар қызығушылықтарын танытуда.

2022-12-15 09:06:06

Скачать

«Қазіргі таңда білім қажет пе? »

Қарағанды облысы білім басқарамасы Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ оқушылар арасында «Фемида» дебат клубы 2022-2023 оқу жылына өзжұмысын бастады. Клубта 8-9 сыныптар арасында 20 оқушы қатысады. Клубта қазақ лигасы жұмыс жасайды.Биылғы оқу жылына дебат клубының іс-шаралар жоспары бекітілді. Биылғы оқу жылындағы даталар күндерін атап өту мақсатында мектепішілік дебат ойындары жоспарланған. Дебаттың мақсаты: Жастарды ұйымдастыра отырып, қоғамның өзекті сұрақтарын талқылап, шешуге ынталандыру және де ораторлық қасиеттерін дамыту.Жастарды қоғам өміріне араластырып, қоғам үшін шешілмей жатқан мәселелерді көтеріп, шешімдер қабылдауларына ықпал ету. Жастардың көпшілік алдында еркін сөз саптау мәдениетін қалыптастыру, сыни тұрғыда, сонымен қатар логикалық ойлауын дамыту. Қыркүйек айының турнирі болып өтті.22 қыркүйекте 2022 жылы мектеп қабырғасында 8 «А» сынып оқушылар арасында «Қазіргі таңда білім қажет пе? » -деген қарарға турнир болып өтті. Дебаттың мақсаты: оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері мен білім ресурстары туралы ақпараттық тұрғыда ой қозғату болатын.Турнирге екі жақта дайындықпен келіпті. Оқушылар қызықты деректер жинап, ортаға салды.Жеңіске Үкімет болған Толғанай Арманқызының командасы жеңіске жетті.Әр команда өз деректерімен, өз көзқарастарын білдіре білді. Сайыс тартымды өтті.Төрешілер өз ойларымен әділ бөлісті. Қазан айының турнирі өтті. Турнирдің қарары: «Нарықтық экономика мемлекетімізге пайда әкеле ме?» деген тақырыпта пікірсайысы өтті. Оқушылар жақсы дайындықпен келген,өз ойларын толық жеткізе алды. Төрешілер жақсы пікір айтқан спикерлерді атап,оқушыларды ынталандырды. Командалар арасында Үкімет командасы жеңіске жетті.

2022-10-13 15:58:01

Скачать