Дәреже: Все

9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 4- сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

14 қараша күні мектеп психологы Сатимбекова Р.М. баланың қабілетін, ақыл-ойын дамыту, көңіл-күйін игере білуге және басқаруға арналған психологиялық тренинг өткізіді. Сыныпта оқушылардың көңіл күйлерін дұрыс бағалай білу мақсатында « Менің көңіл-күйім» жаттығуы жүргізілді. Ойлау қабілетін дамыту әдістемесі бойынша «Төртінші артық» атты жаттығуы орындалды. Жаттығу барысында оқушылар бір-бірімен бірлесе жұмыс жасады. Тренинг соңында оқушыларға есімдері жазылған жапырақтар таратылып, тілек жазу ұсынылды. Жазылған тілектер жақсылыққа бағытталған болу керектігі ескерілді. Соңында әр оқушының пікірі тыңдалды. Психолог: Сатимбекова Р.М.

2022-11-16 11:08:43

Скачать Смотреть

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелді. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес, "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына негізінде БҰЙЫРАМЫН:

2022-11-16 08:20:13

Скачать Смотреть

Мектепішілік бақылау жоспары

I. Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау ІІ. Талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау ІІІ. Оқу процесінің сапасын бақылау IV. Білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау V. Оқу-зерттеу қызметі VІ. Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау VIІ. Тәрбие үрдісінің процесін, өткізілген іс –шаралардың сапасын бақылау VIIІ.Материалдық-техникалық базаның нығаюын бақылау

2022-11-16 08:16:53

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 15.11.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 4 Ә сынып оқушысы Ғазиз Елдар «Негеш» осынау бүлдіршіндердің сан алуан «негесіне» жауап беретін балалар энциклопедиясын оқып, өзі жауап ала алмай жүрген көптеген сұрақтарға жауап алды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-15 14:17:16

Скачать Смотреть

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

2022-11-14 14:19:02

Скачать Смотреть

мектеп психологының 10- сынып оқушыларымен жүргізілген іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 14.11.2022 күні мектеп психолгі 10- сынып оқушыларымен сыныптағы қарым-қатынасты нығайту, өзіне деген сенімділік қабылетін дамыту мақсатында « Адами қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингті жағымды атмосферамен бастап, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру үшін «Менің есімім» жаттығуы орындалды. «Өзіңді тереңірек тани біл» тақырыбында берілген сөздер арқылы әр оқушыға сипаттама берілді. «Мен ғажаппын» жаттығуында өздеріне баға беріп, мақтау, мадақтау сөздерді көбірек айтылу керектігі ескерілді. Тренинг соңында, оқушылар бір-біріне тілектерін жеткізіп, релаксациялық жаттығу жасалды. Психолог: Сатимбекова Р.М.

2022-11-14 09:48:26

Скачать Смотреть

ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәргері- эпидемиолог мен кездесу ақпараты

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігері- эпидемиологы - Батырбекова Айгуль Абдолдаева мен 9.11.22 күні 8-11 сынып оқушылары кездесті. Кездесу барысында «ЖИТС – алдын алудың өзекті мәселелері» ЖИТС ауруының эпидемиологиялық (індеттің) жағдайы тақырыбында баяндама оқыды.Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

2022-11-09 15:55:46

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 09.11.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 4 Ә сынып оқушысы Қаржанов Нұркелді Элвин Холлдың «Ақша жайында әңгімелейік» кітабын оқып, ақша жайлы ойымен бөлісті. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-09 10:40:16

Скачать Смотреть

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу– баршамызға ортақ міндет» тақырыбы

21- қазан 2021 жылы мектебімізде өндірістік жиналыс болып өтті. Онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу– баршамызға ортақ міндет» тақырыбы қозғалды. Мектеп директоры Жолдасова Дина Турсыновна педагогикалық әдеп,сыбайлас жемқорлық туралы және жалпы ережелері туралы айтып мағлұмат берді. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Козгуренова Гүлжан Сабденбаевна мен Орынтаева Жанар Айтбековна тоқталып өтті.

2022-11-07 09:26:42

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Шоқтығы биік Шоқан» кітап көрмесінің ақпараты

№9 ЖББ мектеп кітапханасында 5 сынып оқушылырының қатысуымен «Шоқтығы биік Шоқан» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде мектеп кітапхана қорында сақталған Шоқан Уәлихановтың қолжазбаларының фотокөшірмелері сондай-ақ, ол туралы жазылған кітаптар мен басылымдар насихатталды. Шоқан Уәлихановтың қысқа да саналы ғұмырында елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету мақсатында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұматтар беріп, өмір жолдары мен еңбектеріне тоқталып өтті. Сонымен қатар оқушыларға кітап көрмесіндегі Ш.Уалихановтың еңбектері топтасқан кітап жинақтарымен таныстырып, оқуға ұсынды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-03 14:44:59

Скачать Смотреть

5-7 сынып оқушылыры ата-аналарымен бірге «Оқырман отбасы» байқауы №9 жалпы білім беретін мектебімізде ұйымдастырылды

Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі екенін түсінесің. Соңғы уақытта халқымыз осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан дабыл да қағылып жатыр.Соған орай, жас жеткіншектердің қызығып оқитын кітаптарын көптеп шығарып, алыс ауылдардағы мектептерге таратудың маңыздылығын ескере отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі орта білім саласында «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолға алды. Осыған орай облыстық «Бір отбасы –бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» байқауы №9 жалпы білім беретін мектебімізде ұйымдастырылып, 5-7 сынып оқушылыры ата-аналарымен бірге қатысты. Оқушылар өз отбасымен бірге таңдалған шығармаларды оқып, бейнебаяндарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша 5 Ә сынып оқушысы Қайратұлы Юсуф - Бас жүлде, 6 Ә сынып оқушысы Камила Мұқатаева І орын, 5 Ә сынып оқушысы Муканов Мұхаммед-Али- ІІ орын, 7 Б сынып оқушысы Қайратұлы Абулхаким ІІ орын, 5 Б сынып оқушысы Қайрат Назым - ІІІ орындарды иеленді.Қалалық кезенге жолдаманы 5 Ә сынып оқушысы Қайратұлы Юсуф отбасымен жеңіп алды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-11-02 14:25:30

Скачать

«Мен және менің ұжымым» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 01.11.2022 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова ұстаздармен «Мен және менің ұжымым» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында жеке қасиеттерін тани білу, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру маңыздылығы мақсат етілді. Мектебіміздің ұстаздары тренингке белсенділікпен қатысты. Өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге жаттығулар орындалды. Ұстаздар бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп ойларын жеткізді. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-11-01 10:29:29

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 19 20 21 22 23 62 соңғысы