Нашақорлыққа жол жоқ
Дәреже: Нашақорлыққа жол жоқ
Нашақорлық және есірткінің алдын алу бойынша дәргері- эпидемиолог мен кездесу ақпаратыЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігер- эпидемиологы - Батырбекова Айгуль Абдолдаева, №1 поликлиника дәрігер – педиатр - Клюников Сергей Владимирович, психолог - Ледовское Татьяна Владимировна 16.05.23 күні 8-11 сынып оқушыларына «Нашақорлық – бұл ауру, оны емдегеннен гөрі алдын алған жөн» тақырыбында әңгіме түрінде дәріс өтті. Дәріс барысында «ЖИТС – алдын алудың өзекті мәселелері» ЖИТС ауруының эпидемиологиялық (індеттің) жағдайы тақырыбында ақпараттар берілді. Нашақорлық адам өміріне қауіпті , оның тұқымқуалау қасиеттері де бар. Нашақорлық – есірткіні жүйелі пайдалану кезінде пайда болатын ауыр психикалық ауру. Нашақорларға жүргізілген көптеген зерттеулер, әсіресе жастарға жүргізілген сауалнамалар, әртүрлі жас топтарындағы жастардың есірткіге тәуелді болуына себеп болатын көптеген факторлар мен себептер бар екенін айтты. Есірткіге тәуелділік алкогольге қарағанда айқынырақ сипатталады. Барлығын аз уақытта шеттетіп, тез арада ішкі дүниеде бос сезім пайда болып, тегінде шыңыраудан шығу азабына түскеннен ,сол құзға апаратын жолға түспей жүру керектігін ескертті. Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. |
2023-05-16 17:00:48 |
Скачать Смотреть |
«Нашақорлық дертін болдырмау – жастар қолында» сынып сағаттарының ақпараты15.05.23 күні «Нашақорлық дертін болдырмау – жастар қолынд» тақырыбында 7-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кететіндігін айтып өтті. Оқушылар өз ойларымен толықтырды. |
2023-05-15 09:36:20 |
Скачать Смотреть |
«Есірткісіз болашақ!» сынып сағаттарының ақпараты17.04.23 күні «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында 7-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең. Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Сондықтан да, сіз болып, біз болып салауатты өмір салтын қалыптастырайық! Біздің алдымызда жастардың бойында салауатты өмір салты, отбасылы құндылықтар және табысты болашақ құру принциптерін қалыптастыру міндеті тұрғанын айтып өтті.Оқушылар өз ойларын айтты. |
2023-04-17 11:08:18 |
Скачать Смотреть |
«Құқық бұзушылық пен оқушылардың зиянды әдеттерінің алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен жиналыс ақпараты03.04.23 күні мектебімізде «Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу», «Діни экстремизм, терроризм — бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» , «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыптарында Балқаш қаласы полиция бөлімі ЭҚІҚБ-нің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Кусайнов С.А,Балқаш қаласы ПБ ЕҚҚІҚБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Шәкарім Н.Е., Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция аға лейтенанты Нұрбек А.А., 8-10 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Оқушылардың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы,түнгі уақыттағы заңды өкілінсіз жүруіне тиым салынатындығы туралы, құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі ,түнгі уақытта ойын –сауық жерлерінде, кафелерде, саябақтарда жүруі, ұсақ бұзақылық, сабақты себепсіз босатуы,жайында тоқталды. Нашақорлықтын алды алу, біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз екенін айтты. «Жалған терроризм» үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған» қазіргі таңда жалған ақпараттар беріп, елді дүрліктіретіндер кездесіп жатады. Оның ішінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс қатарында тұр. Технология дамыған мына заманда жалған хабарды жеткізген адамның мекенжайы мен жеке басын анықтау қиын емес. Атап өтер болсақ, мұндай құқық бұзушылықтар қоғамдық резонанс тудырады. Сонымен қатар көбінесе жалған хабарламаларды мас халдегі ересектер немесе кәмелетке толмаған жасөспірімдер қасақана жасайтындығын ескертті. |
2023-04-03 17:10:32 |
Скачать Смотреть |
№9 жалпы білім беретін мектебінде 13.03.23 күні өткізілген ата –аналар жиналысының ақпараты№9 жалпы білім беретін мектебінде 13.05.23 ж. күні 5-10 сыныптың ата –аналарына ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан ата-аналар жиналысы өткізілді.Жиналыста қала прокурорының прокуроры , Д. Куанышбеков құтқарушылар орталығының медбикесі Б.С. Абжанов, Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігері- эпидемиолог А Абдолдаева, мектеп психологі Р.Сатимбекова, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова қатысты. Күн тәртібіндегі қарастырылған мәселелер төмендегідей: 1.«Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасының 2.«Зиянды әдеттердің алдын алу. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң» 3.«Көктем мезгіліндегі мұздағы қауіпсіздік ережелері» 4.Жасөспірімдердің нашақорлығы - қазіргі қоғамның қасіреті 5. Буллинг және оның алдын алу сұрақтары қамтылды. Ата- аналарға қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар беріліп алдын алу жұмыстары жүргізілді.Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және бала құқығын қорғау туралы негізгі сұрақтары қамтылды. |
2023-03-15 10:59:11 |
Скачать Смотреть |
Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпаратыМектебімізде 2023 жылдың 23 ақпаны күні нашақорлықтың алдын алу мақсатында ZOO желісі арқылы 7-8 сынып оқушыларына «Электронды темекі –ХХІ ғасыр дерті» тақырыбында дәріс тыңдалды. Мақсаты: оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, темекі сияқты зиянды әрекеттердің көбейіп бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру. |
2023-02-03 14:40:03 |
Скачать Смотреть |
«Нашақорлықтың алдын алу» ақпарат16.01.23 күні мектебімізде «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында қала сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында оқушыларға нашақорлықтын алды алу, біздің ортақ мақсатымыз. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз. Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің. Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда! Дұрыс таңдау – жарқын болашаққа бастар көпір және бақытты өмірдің айнасы екені атылды. |
2023-01-16 14:44:10 |
Скачать Смотреть |
Құқықтық білім беру отырысының ақпараты2022 жылдың 1 желтоқсаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-11 сынып оқушыларына «Электронды темекінің зияны» тақырыбында ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков, медбике Т.Ерденбек және әлеуметтік педагог Ж.Төлеген дәріс өткізілді. Мақсаты: темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, одан жиіркенуге, темекі улы екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК#РУМЦДОМОНРК #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova |
2022-12-01 10:21:03 |
Скачать |
Ел жастарының ендігі ермегі – электронды шылым пікірталасМектебімізде 16.11.2022 күні Халықаралық темекімен күрес күніне орай “Ел жастарының ендігі ермегі – электронды шылым” атты тақырыбында 7-8 сынып оқушылар арасында пікірталас ұйымдастырылып, оқушылар өз ойлармен бөлісті. Оқушыларға темекі қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу, мақсатында ұйымдастырылды. |
2022-11-16 12:10:18 |
Скачать Смотреть |
ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәргері- эпидемиолог мен кездесу ақпаратыҚарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының облыстық ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігері- эпидемиологы - Батырбекова Айгуль Абдолдаева мен 9.11.22 күні 8-11 сынып оқушылары кездесті. Кездесу барысында «ЖИТС – алдын алудың өзекті мәселелері» ЖИТС ауруының эпидемиологиялық (індеттің) жағдайы тақырыбында баяндама оқыды.Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. |
2022-11-09 16:55:46 |
Скачать Смотреть |
Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпаратыМектебімізде нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп фойесіне ақпараттық стенд қойылып, мектеп оқушыларына таныстырылды. Оқушыларға жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында, сонымен қатар жасөспірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темекі, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырылды. #балаларжылы09 #годребенка09 |
2022-10-28 11:32:52 |
Скачать Смотреть |
«Жас қыран» ұлдар ұйымының ақпараты26.10.22 күні 1-4 сынып оқушыларына «Әлімжеттік жасау – әлсіздік» тақырыбында «Жас қыран» ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков ұлдар жиналысын өткізді.Оқушыларға салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіріп өтті.Сонымен қатар балалардың күз мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтау жайында ақпараттар берді. |
2022-10-26 15:02:16 |
Скачать Смотреть |