Нашақорлыққа жол жоқ

Дәреже: Нашақорлыққа жол жоқ

Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпараты

Мектебімізде нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп фойесіне ақпараттық стенд қойылып, мектеп оқушыларына таныстырылды. Оқушыларға жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында, сонымен қатар жасөспірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темекі, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырылды. #балаларжылы09 #годребенка09

2022-10-28 11:32:52

Скачать Смотреть

«Жас қыран» ұлдар ұйымының ақпараты

26.10.22 күні 1-4 сынып оқушыларына «Әлімжеттік жасау – әлсіздік» тақырыбында «Жас қыран» ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков ұлдар жиналысын өткізді.Оқушыларға салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіріп өтті.Сонымен қатар балалардың күз мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтау жайында ақпараттар берді.

2022-10-26 15:02:16

Скачать Смотреть

Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпараты

2022 жылдың 18 қазаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Балқаш қаласы ПБ ЖПКБ полиция капитаны Касымжанова Анар Кожановна 7-11 сынып оқушыларына «Жас өспірім және Заң» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісте оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сонымен қатар жасөспірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темекі, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырды. #балаларжылы09 #годребенка09

2022-10-26 14:41:37

Скачать Смотреть

«Жас қыран» ұлдар ұйымының жиналысы

Мектебімізде 7 қазан күні «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Б.Рахымбеков «Ұл бала- ұлт қорғаны» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізді. Салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі екеніне тоқталды.@uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-10-26 14:39:19

Скачать Смотреть

Ата-аналар жиналысының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 16.09.22 күні «Ата-ана баланың бас ұстазы» тақырыбында 1-9 сыныптың ата-аналарына жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директоры Д.Жолдасова, Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова мектеп психологы Р.Сатимбекова, әлеуметтік педагог Ж.Төлеген «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейірім» аналар мектебінің мүшелері қатысты. Барлық қатысқан ата – аналар саны – . Мектеп директоры Д.Жолдасова биылғы оқу жылындағы оқу үрдісі бойынша ерекшеліктерге тоқталды. Ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі жайында ақпарат берілді. 7-9 сынып ата аналарына «Мамандық таңдауға жеті қадам» тақырыбында баяндама оқылды. Тамақтануды ұйымдастыру және тегін ыстық тамақпен қаматамасыз ету уақыттары хабарланды. Оқушы бейнесі,оқушылардың сабаққа келу уақыты мен мектеп ережесі ескертілді. @uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#баларжылы09

2022-10-26 14:38:22

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 кел. соңғысы соңғысы