"Інжу" шағын орталығы мен мектепалды даярлық топтары
"Інжу" шағын орталығы
«Алтын күз» республикалық балалар шығармашылық сайысы
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2020-11-11 10:53:20

«Інжу» шағын орталығының бүлдіршіндері «Алтын күз» республикалық балалар шығармашылық сайысына қатысып. І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды
"Інжу" шағын орталығының әдіскері, психологы және тәрбиешілері "Бірге оқимыз" облыстық жобасы Work shop онлайн семина
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2020-10-22 14:18:03

"Інжу" шағын орталығының әдіскері, психологы және тәрбиешілері "Бірге оқимыз" облыстық жобасы Work shop онлайн семинарына қатысуда. Тәрбиешілердің біліктілігі мен тәжірбиесін арттыруда мұндай семинар-практикумдардың пайдасы зор. Өйткені болашақ ұрпақтың тағдыры біздің қолымызда. Ал тәрбиешілердің біліктілігін шыңдауға, жетілдіруге жағдай жасауымыз тиіс және өте қажет.
«Інжу» шағын орталығында күз мерекесіне орай, қашықтықтан балаларға сурет салу
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2020-10-21 12:01:27

«Інжу» шағын орталығында күз мерекесіне орай, қашықтықтан балаларға сурет салу, қолөнер, өлең жолдарын жаттауға берілді. Балалар ата-аналардың көмегімен кері байланыс жасауда.
Тәрбиешілер мен балалар кері байланыс
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2020-10-14 12:38:28

"Інжу" шағын орталықтағы мектепалды даярлық топтары мен ересектер топтары арасында, қашықтықтан оқыту онлайн форматында өтуде. Тәрбиешілер мен балалар кері байланыста.
"Тәуелсіздік адамзаттың бақыты" атты ертеңгілік болды
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2019-12-13 13:19:50

Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік бере отырып, Рәміздерімізді қастерлеуге Отанын сүюге, хақымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелей отырып, Тәуелсіздік күніне орай "Інжу" шағын орталығында "Тәуелсіздік адамзаттың бақыты" атты ертеңгілік болып өтті.
"Елін сүйген-елбасы" тақырыбында тәрбие сағаты
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2019-12-04 14:50:35

29 қараша күні "Інжу" шағын орталығында "Елін сүйген-елбасы" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат берілді.
Мейірімді болса жүрек орындалар тілек" тақырыбында психологиялық тренинг
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2019-11-11 14:52:24

Шағын орталық психологы Байсалбаева С. И мектеп алды даярлық топ балаларымен "Мейірімді болса жүрек орындалар тілек" тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
"Келді міне алтын күз" тақырыбында әр топтарда ертеңгілік болып өтті.
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2019-10-24 16:19:45

"Інжу" шағын орталығында 24.10.2019 ж күні "Келді міне алтын күз" тақырыбында әр топтарда ертеңгілік болып өтті.
"Баланы шағын орталыққа бейімдеу" тақырыбында ата-аналар жиналысы
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2019-10-22 10:50:08

"Інжу " шағын орталығында 21 қазан күні "Баланы шағын орталыққа бейімдеу" тақырыбында ата-аналар жиналысы болып өтті. Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі шағын орталық пен отбасы ынтымақтастығын нығайту.
Ерте жастан еңбекке баулу
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2019-10-02 11:11:40

«Інжу» шағын орталығының тәрбиешілері балаларды ерте жастан еңбекке баулуда.
7 мамыр «Отан қорғаушылар» күніне арналған ертеңгіліктер туралы ақпарат
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2019-05-08 09:56:13

«Інжу» орталығында және мектепалды даярлық топтарында 7 мамыр «Отан қорғаушылар» күніне арналған ертеңгіліктер өтті. Ертеңгілікте балалар мерекеге арнаған тақпақтарын, ән-билерін көрсетті. Сонымен қатар слайд арқылы батырлармен танысып, үландардың әскери адамдар еңбегітерін көрсеттік. Ертеңгілік соңында балалар «Сарбаздар» әнін орындап, мерекелік көңіл-күймен...
«Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» атты ертеңгілік туралы ақпарат
Дәреже: "Інжу" шағын орталығы
Дата: 2019-05-02 09:55:53

«Інжу» шағын орталықта және даярлық топтарда «Береке – бірлікте, ырыс – ынтымақта» атты ертеңгілік болып өтті. 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйретіп, басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.