Ақпарат

Дата: 2024-02-02 13:37:55
Ақпарат

"Үздік тәрбиеші" қалалық сайысының бірінші кезеңінен 47 бал жинап, Жанат Турсынбековна екінші кезеңге өткен болатын. 1 ақпан күні сайыстың екінші кезеңі өтті. Екінші кезеңде ойын-сауық ұйымдастыру керек еді. Жанат Турсынбековна «Біздің ауыл көңілді» тақырыбында ойын-сауық өткізді. Ойын-сауықтың міндеттері: Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «ауыл» туралы түсініктерін кеңейту, туған жерге сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру. Екінші кезеңді бағалау үшін қалалық білім бөлімінен Жанар Базархановна келді. Сонымен қатар, мектеп директоры Дина Турсыновна келіп, ойын-сауықты тамашалады.

Автор: №9 ОМ