№24 орта мектебінде «Қазақстан –мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы жайлы ақпарат.

№24 орта мектебінде «Қазақстан –мейірімділік мекені»  атты республикалық балалар бастамасы жайлы ақпарат.

№24 орта мектебінде Қарағанды облысы Білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым министрлігі 2017 жылдың қаңтар – маусым аралығында «Қазақстан –мейірімділік мекені»  атты республикалық балалар бастамасын өткізуге ұсыныс жасалды.

Республикалық балалар бастамасының мақсаты:  Мейірімді істерге , қайырымдылық акцияларына оқушылардың қатысуын қамтамасыз ету, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды идеяларын кеңінен насихаттау және тарату.

Осы мақсаты негізге ала отырып , мектебімізде іс-шаралар құрылып жоспарланды .

Қаңтар айында     №24 орта мектебінде бекітілген жоспар бойынша «Қайырымдылық» акциясы өткізілді.  Акцияның мақсаты:   Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

 8А сынып оқушылары сынып жетекшілерімен  бекеттегі дүкен қызметкерлеріне , көшеде өтіп бара жатқан  тұрғындарға қол ұшын беру мақсатында көмекке аттанды. Мектебіміздің жанындағы «Арман» дүкенінің сатушыларына сөрелерді жинап, нан түсіруге көмектесті.    Оқушыларға  бекет тұрғындары алғысын білдіріп, осындай акциялардың қарияларға өте қажет екендігін айтты. Қарияның алғысын алып, оқушылар мәз-мейрам боп үйлеріне тарқасты.Ақпан айында «Саусақ ұшындағы әлем» тақырыбында «Сиқырлы қылқалам» үйірмесінің қатысушылары  қаламыздың   80 жылдық мерей тойына  арнап  ,   «Сониран» технологиясын қолдана отырып  қол өнер бұйымын жасады.

    Сонымен қатар , 5-10 сынып оқушылары арасында «Жылы сөз»  қарым –қатынас акциясы ұйымдастырылды. Әр сыныптың төрайымы арнайы дәптер бастап,  сынып бөлмесі  және үзіліс кезіндегі оқушылардың дұрыс сөйлеуін , мәдениеттілігін, толеранттылықтарын қадағалады. Акция 1 аптаға созылып ,   апта соңында қорытындысы шығарылды.  

Дата: 22.02.2017, 12:26 Автор: №24 мектеп-интернаты