Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебіндегі «Өзін – өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы » тақырыбында өткен онкүндіктің ақпараты

 Балқаш қаласы ЖББ №24 орта мектебіндегі «Өзін – өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы » тақырыбында өткен онкүндіктің ақпараты

Ақпан  айының 2-нен 13- ші жұлдызы аралығында ЖББ №24 орта мектебінде  «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты «Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндігі жүргізілді. Онкүндік аясында жоспар құрылып, көптеген іс-шаралар жүзеге асырылды. Онкүндік салтанатты жиынмен ашылып, оқушыларға қысқаша апталық туралы мәлімдеме берілді. Осыған орай, кітапханада «Мейірім төгетін -ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, насихаттау жұмыстары жүргізілді.Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік-рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі», - деп Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек дегендей « Алтын жүрек анамыз» атты өлең байқауы өткізілді .Өзін –өзі тәрбиелеу, өзін –өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын дамыту мақсатында  «Адамның рухани байлығы» тақырыбында бастауыш сыныпта театрлық қойылым қойылды. Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру  ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Кешірімділік , қамқорлық , бауырмалдылық қасиеттерін дамыта отырып , жанында жүрген жақын адамдарды сыйлай, қадірлей білуге тәрбиелеу мақсатында  «Әсемдікке ұмтылайық» атты  сурет және қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.Сонымен қатар, « Утро радостных встреч», «Өнеге –отбасынан», «Кәусар бұлақ тұнығынан» ашық сабақтар өтті. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», - дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Дата: 20.02.2017, 6:01 Автор: №24 мектеп-интернаты