Жаңа жылдық шырша

Жаңа жылдық шырша

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің " №24 мектеп-интернаты" КММ-і жанындағы интернат тәрбиеленушілерімен 27 желтоқсан күні Жаңа жылдық шырша өткізілді. Жаңа жылдық шыршаға балалар белсенді қатысты.Барлық оқушылар арнайы маска киіп, мерекенің сәнін келтірді. Кеш барысында кеш жүргізушілері түрлі ойындар ойнатып, қатысушыларға ерекше сыйлықтар табыс етті. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, әдемі әндермен шашу шашты. Аяз ата мен би билеп көңіл көтерді.

Дата: 6.01.2023, 10:21 Автор: №24 мектеп-интернаты