жалпы ата- аналар жиналысы

 жалпы ата- аналар жиналысы

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің  

"№ 24 мектеп-интернаты" КММ- інде 23 желтоқсан күні жалпы ата- аналар жиналысы өтті. Іс - шараға судан құтқару аймағының медбикесі Б.С.Абжанова қысқы кезде мұз үстіндегі қауіпсіздік жайлы ақпарат берді. Балқаш қаласы прокуратурасы ның прокуроры А.Қ.Қуанышбек   телефонмен жалған ақпарат беру салдарын және одан ата - аналарға қандай зиян келетіндігі туралы айтып өтті. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторы А.А.Нұрбек құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары туралы ақпарат беріп, ТЖБ  офицері Б.Б.Сатбаев жер үйлердегі  пеш жағу барысындағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып өтті.

Дата: 27.12.2022, 10:31 Автор: №24 мектеп-интернаты