Құқықбұзушылықтың алдын алу іс-шарасы

Құқықбұзушылықтың алдын алу іс-шарасы

Құқықбұзушылықтың алдын алу іс-шарасы бойынша мектеп инспекторы Аян Алтаевич мектебіміздің оқушыларымен кездесу өткізді.

Мақсаты: құқықбұзушылықтың алдын алу, Жаңа жыл мерекесінде оқушылардың ата-аналардың қарауынсыз кешкі уақытта жалғыз жүрмеуі.

Кездесу барысында зиянды әдеттерден аулақ болу және жасөспірімдердің құқықбұзушылығы болған жағдайда қандай шаралар қолданылатындығы туралы ақпарат беріп өтті.Оқушыларға темекі,насыбай мен есірткі сияқты зиянды заттардан аулақ болу туралы айтып қана қоймай,оның соңы қандай қиын жағдайларға душар болдыратыны туралы айтып өтті.

Сонымен қоса, сабақтан кешігіп келген және сабақта,мектепте пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерден ескерту алған оқушылармен жекелей әңгіме жүргізіп, ескерту айтып өтті.

Дата: 26.12.2022, 16:04 Автор: №24 мектеп-интернаты