«Қазақстан Республикасының Рәміздері»

«Қазақстан Республикасының Рәміздері»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ –да 4 «А» сыныбында «Тарих толқынында» тарих апталығы аясында «Қазақстан Республикасының Рәміздері» атты онлайн режимде іс-шара өтті.  Іс-шараның мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.Отан — жерім, Отан — суым,Отанқуат, нәр береді.Отан — ұран, Отан — туым,Отан мәңгі гүлденеді – демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Іс-шара ең алдымен  әнұран айтудан басталды. Сабақта бейнематеиалдар көрсетіліп,  қызықты викториналар койылды. Оқушылар өздерінің  өлең жолдарын айтып, суреттер салды. Сабақ өте қызықты деңгейде өтті.

Дата: 9.12.2022, 9:33 Автор: №24 мектеп-интернаты