"Ақыл гимнастикасы"

Балқаш қаласы білім бөлімінің " # 24 мектеп-интернаты" КММ-де желтоқсанның 8 күні «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» тарихи сауаттылық апталығы аясында 1 а сынып оқушыларында "Ақыл гимнастикасы"  атты танымдық ойын өтті. Мақсаты: Оқушылардың білімдерін бақылау, талаптарын ұштау, тапқырлыққа баулу, өз бетінше дұрыс ойлап, қисынды пікір айта білуге дағдыландыру. Кез – келген кезеңде тығырықтан шығудың жолын таба білуге, өзін-өзі басқара білуге бағыттау. Ұжым арасында ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Танымдық ойында оқушылар қызықты ребустар,басқатырғыш жұмбақтар шешті. Оқушылар қызыға қатысты. Танымдық ойын қызықты өтті.

Дата: 8.12.2022, 15:57 Автор: №24 мектеп-интернаты