«Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру»

 «Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру»

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп - интернаты» КММ – сі Қарағанды облысы оқу әдістемелік орталығының жетекшілігімен 2022 жылдың 24 қарашасында «Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру» тақырыбында іс – тәжірибемен бөлісу семинарын өткізді. Іс – шара  барысында  Балқаш қалалық сотының төрағасы Сагимбекова Лязат Абзалбековна мектеп медиация қызметінің жұмысына сараптама жасап, өз ойымен бөлісті. Мусина Альмира Калкамановна мектеп директоры, кәсіби медиатор, жаттықтырушы «Мектептегі медиация қызметін ұйымдастыру» туралы жалпы ақпарат берді. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп гимназиясы» КММ – сінің кәсіби медиаторы Ерубаева Риза Бериковна «Педагогтер арасындағы медиация қызметін ұтымды пайдалану жолдары» тақырыбында өз іс – тәжірибесімен бөлісті. Педагогтардың арасындағы дау – дамайды болдырмау мақсатында жүргізілген шараларға тоқталды. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ – сінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, комедиатор Маулетова Индира Омаржановна «Мектептің медиация қызметі» және «МОСТ» жас медиаторлар клубының жұмысы тақырыбында баяндама оқып, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты алдын – алу бағытындағы жұмыс түрлерімен таныстырды. Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп-интернаты»КММ – сінің тәрбие ісінің орынбасары, педагог-психолог,  комедиатор Кулымжанова Гулжан Мауленкызы  «Конфликт медиациясы: негізгі түсініктер» тақырыбында ата – аналармен жүргізілген медиациялық жұмыстар ретімен таныстырды. Іс – шараға Қарағанды облысы бойынша 96 педагогтер қатысып, өз ойларын ортаға салып, медиация қызметінің қажеттілігінің керек екендігін баса айтты.

Дата: 30.11.2022, 11:31 Автор: №24 мектеп-интернаты