"Менің атым Қожа"

Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "#24 мектеп-интернаты" КММ -сінде 8ә сыныбында "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Б.Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" шығармасын оқу жалғасуда. Бүгін шығарманың 3 бөлімі бойынша сынып оқушылары кішігірім қойылым қойып, өздерінің шығармаға байланысты ойларын айтып, кейіпкерлерге мінездеме берді. Қожа ролін сомдаған Сарымсаков Фарухқа алғысымыз шексіз.

Дата: 13.10.2022, 14:50 Автор: №24 мектеп-интернаты