" ұтымды тәсілмен өрнек мәндерін табу "

"№24 мектеп-интернат "КММ 06.10 бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі аясында 2 б сыныпта " ұтымды тәсілмен өрнек мәндерін табу " тақырыбы бойынша математика пәнінен ашық сабақ өтті.

Сабақтың тақырыбын анықтау үшін "жұпты табу" стартері проблемалық жағдайды қолданды, онда балалар сабақтың тақырыбы болып табылатын жұп өрнектерді табады. Әрі қарай, білім алушыларға сабақтың мақсаттарын қою үшін ашық сұрақтар қойылады. Сабақтың басында білім олқылықтарын жою бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып сараланады, әдістер әр оқушының мақсатына жетуге ықпал етеді, саралаудың әртүрлі тәсілдері қолданылады

Дата: 13.10.2022, 14:18 Автор: №24 мектеп-интернаты