Мемлекеттік рәміздер

Мемлекеттік рәміздер

Бүгін — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні. 1992 жылғы маусымның 4-де Тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді — бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Гимн мемлекеттің негізгі рәміздері саналады.

Осыған орай #24 мектеп - интернатында "Балауса" жазғы алаңында бірнеше іс - шаралар ұйымдастырылды. Мектеп  қызметкерлері және  оқушылар Мемлекеттік Гимнді орындап, балалар өлең жолдарын арнап, "Көк туым мәңгі желбіре! " челленжіне қатысты.

Дата: 7.06.2022, 14:58 Автор: №24 мектеп-интернаты