Размер шрифта:

«Қауіпсіз жаз», «Құқықбұзушылықтың алдын-алу»

«Қауіпсіз жаз», «Құқықбұзушылықтың алдын-алу»
06.05.2021 күні сағат 18.00 -де Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «№24 мектеп -интернаты» КММ –де ата-аналарға арналған «ОТБАСЫ САҒАТЫ» өткізілді. Ұйымдастырушылар: ДТІЖО Бейсекина К.А және әлеуметтік – педагог Хасенова А.О. Қатысушылар: 1- 11 сынып ата-аналары, сынып жетекшілері Тақырыбы : «Қауіпсіз жаз», «Құқықбұзушылықтың алдын-алу» Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі жүріп –тұру барысында ата-ана жауапкершілігін нығайту, қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейту мақсатында өткен «ОТБАСЫ САҒАТЫНДА» ата-аналар су қауіпсіздігі,табиғат қауіпсіздігі, техника – өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі,денсаулық сақтау ережелерімен таныстырылды. «Жаз мезгіліндегі қауіпсіздік» тақырыбында мектеп медбикесі А.К.Бажбенова ата-аналарға денсаулық сақтаудағы және тамақтанудағы ережелерімен таныстырды.Әсіресе «COVID -19» коронавирус инфекциясынан сақтануды қатаң ескертті. Ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, сұрақтарға жауап берілді. «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында мектеп инспекторы Секебаев Ж.Б ата-аналарға қаладағы тіркелген фактілермен байланыстырып, ақпарат берді. Барлық жауапкершілік ата-анада екенін түсіндірді. Жазда балалар өздерін жәйбірақат сезінетінін, ал ата-аналарға өте мұқият болуы керектігін, жол қауіпсіздік ережелерін күнделікті айтып отыру артық болмайтынын , оқушының түнде ата-ананың қарауынсыз жүруге болмайтынын басты назарда ұстау керектігі айтылды. Ата-аналарға «ҚАУІПСІЗ ЖАЗ» жадынамасы таратылды. Қатысқан ата-аналар саны: 47 ата-ана.
Дата: 14.05.2021, 8:49 Автор: №24 мектеп-интернаты