«Ұлтымыздың рухани ұлы тұлғалары» тақырыбында онлайн ақпараттық сағат өтті.

  «Ұлтымыздың рухани ұлы тұлғалары» тақырыбында онлайн ақпараттық сағат өтті.

Балқаш қаласы « №24 мектеп-интернаты» КММ –де 26.03.2021 күні 9 сынып оқушыларымен «Ұлтымыздың рухани ұлы тұлғалары» тақырыбында онлайн ақпараттық сағат өтті. Мақсаты: көктемгі демалысты тиімді пайдалану,Ел тәуелсіздігін аңсаған Алаш қайраткерлерінің өмірі, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келетін Әлімхан Ермековтің туғанына 130 жыл толуына орай қоғамдық – саяси қызметі туралы ақпараттандыру.Өз елін, жерін,Отанын қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Онлайн кездесуге 12 оқушы қатысты. Онлайн кездесуде еліміздің тәуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов,Ахмет Байтұрсынов,Әлімхан Ермеков,Мұхаметжан Тынышбаев,Жақып Ақбайұлы туралы ақпараттар берілді. Оқушылар да өздері оқып білген жаңалықтарымен бөлісіп , ойларын ортаға салды.Оқушылар сөз барысында қазақ елінде Алаш қайраткерлерінің құрамында 100 ден астам қазақ зиялысы болса,оның 50 ден астамы Қарағанды облысынан шыққанын мақтан тұтатындарын, ғылымға ,білімге үлестерін қосатындарын айтты. Қорытынды барысында оқушылар Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,мәңгі болу үшін келешек ұрпақтың сауатты,білімді,жан-жақты болуы керектігіне көз жеткізді. Ұйымдастырушы: Бедебаева Р. #көктемгіканикул

Дата: 29.03.2021, 8:42 Автор: №24 мектеп-интернаты