Размер шрифта:

№24 орта мектебінде өткен «Соңғы қоңырау» мерекесі туралы ақпарат

№24 орта мектебінде өткен «Соңғы қоңырау» мерекесі туралы ақпарат

Қызығы мен думаны мол, әр жылы қайталанбас оқиғаларға толы оқушылардың сыныптан сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектеп мерекесі –«Соңғы  қоңырау» Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін №24 орта мектепте ерекше салтанатпен аталып өтілді. Кеше ғана тұлымдары желбіреген,  жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын имене аттаған ұл-қыздардың ойы толысып, бойы өсіп алтын ұя мектебімен қимай қоштасқалы тұр. Бұл күн мектеп бітіруші түлектер жүрегінде мәңгілік сақталары анық. Барлықтарының жүзінен қуаныш пен қимастықтың табы байқалады.Бүгінгі мерекелік жиын мектеп тарихында ұстаздар үшін, жас түлектер үшін мәңгі есте қалмақ.

Дата: 27.05.2017, 14:04 Автор: №24 мектеп-интернаты