Құқықтық білім беру отырысының ақпараты
Дата: 2023-09-20 14:42:43
2023 жылдың 20 қыркүйегі күні «Жалпы құқықтық білім беру және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Балқаш қаласы полиция бөлімінің аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы, Коразбаев Нурлыжан Айтмаганбетович, Жукин Ерсин Мадиулы 7-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Мақсаты: құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде — өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндіру. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, ұрлық жасамауға, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
Қарағандыоблысыбілім09
#ҚОББтәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolim