«Балғын балалар – біздің болашағымыз»
Дата: 2013-06-13 06:32:49
1 маусым Балалар қорғау күніне орай С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп–гимназиясы жанынан «Балауса» жазғы сауықтыру лагері ашылды. Мереке «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты мерекелік концерткежалғасты. Мектеп ауласында балаларға арнап балмұздақтар менсусындар сатылса, мектептің оң қанатында « Әрқашан күн сөнбесін» атты асфальтқа сурет салудан жарыс болды. Ал мектептіңкөпсалалы кортында «Көңілді мәре», «Қолдан – қолға», «Шарды жарма», «Қырық шақ» сынды түрлі спорттық жарыстар болды. Көрермендермен де «Жұлдыздысәт» байқауы ұйымдастырылып, мереке соңы « Кел билейік!» би кешіне ұласты.