Кітапхана - ғажайып әлем

11 сәуір – Балқаш қаласының негізі қаланған күн. Осыған орай кітапханада «Балқашым-бағым» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-04-12 10:42:27
11 сәуір – Балқаш қаласының негізі қаланған күн. Осыған орай кітапханада «Балқашым-бағым» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
 Мақсаты: Балқаш қаласы  туралы мағлұмат беру, туған жердің тарихын білуге тәрбиелеу.       Кітап көрмесіне 5 сынып оқушылары шолу жасап, Балқаш қаласы туралы кітаптармен танысты. Сонымен қатар викториналық сұрақтарға жауап беріп, туған өлкеге  деген сүйіспеншіліктерін білдірді.
Автор: №7 МГ

2-сәуір халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – сарқылмас қазына» атты тақырыпта 5 Ә сынып оқушыларымен әдеби квест өтті.

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-04-03 11:34:12
2-сәуір халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – сарқылмас қазына» атты тақырыпта 5 Ә сынып оқушыларымен әдеби квест өтті.
Мақсаты: Балаларға кітаптың адам өміріндегі маңызы, әртүрлі ойындар арқылы оқырманның ой-өрісін кеңейту, кітап оқуға қызықтыру.  Шара барысында оқушылар кітап оқып, «Додекаэдр»,  “Тарсия” әдістері мен ертегі пазлдарын құрастыра отырып, кітаптың пайдасы туралы ойларымен бөлісті.
Автор: №7 МГ

Кітапханада “Армысың әз-Наурыз” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар аталған тақырыпта 3 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-04-02 15:18:15
Кітапханада “Армысың әз-Наурыз” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар аталған тақырыпта 3 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.
 Шара барысында кітапханашы оқушыларға Наурыз мерекесінің мағынасына тоқталды. Оқушылар “Додекаэдр” әдісі мен үстел ойынын ойнаса, Наурыз туралы мақал-мәтелдердің жалғасын “Тарсия” әдісін қолдану арқылы құрастыра білді.
Автор: №7 МГ

28 наурызда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты республикалық челенджіне жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, бірнеше кітаптың авторы Cайын Мұратбековтың «Жабайы алма

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-04-01 15:36:40

Шара барысында «Ашық микрофон» айдарында мектебіміздің 7А сынып оқушылары Қуаныш Нұрайлым, Еркибаева Алтынай, Елубай Ақбота белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды. «Білім ағашы» әдісі арқылы өз пікірлерімен түйіндеді.
Автор: №7 МГ

Кітапханада «1 наурыз – ризашылық пен алғыс күні» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-03-01 14:54:55
Кітапханада «1 наурыз – ризашылық пен алғыс күні» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: сыпайылық қарым-қатынасты дамыту. Іс-шара барысында кітапханашы мерекенің тарихы, Қазақстанның қалыптасу және даму кезеңдері туралы таныстырып өтті.
Автор: №7 МГ

Кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 2024 жылы "Бір ел -бір кітап" акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-03-01 14:53:33
Жазушының  100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілмек.  Кітап көрмесінде кітапханашы оқушыларға жазушының өмір жолы мен еңбектеріне шолу жасап, оқушыларды жазушының кітаптарын оқуға шақырды.
Автор: №7 МГ

«Менің атым Қожа» – мәңгілік классика

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-03-01 14:51:38
«Менің атым Қожа» – мәңгілік классика
Іс-шарада жазушының өмірі мен шығармаларына шолу жасалынып, әңгімелерінен үзінділер оқылды.шараға 5Ә сынып оқушылары қатысып,  «Менің атым Қожа» кітабын  әңгімесіндегі басты кейіпкері – Қожа туралы өз ойларын ортаға салды. Шара соңында кітап көрмесі таныстырылып, кітапханашы Б.Соқпақбаевтың шығармаларын оқуға шақырды.
Автор: №7 МГ

2024 жылдың 13 ақпан күні қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 5-6 сынып оқушылары арасында "Қазақтың мұзбалақ ақыны - Мұқағали" атты мәнерлеп оқу сайысы өтті.

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-03-01 14:48:59
2024 жылдың 13 ақпан күні қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 5-6 сынып оқушылары арасында
 Мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын таныту, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Сайыс соңында оқушылар 1,2,3 орындармен марапатталды. Ұйымдастырушылар: Шарбекова Г.Қ, Каукербекова Р.С.
Автор: №7 МГ

6 сынып оқушыларымен кітапханада ”Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысы өтті.

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-03-01 14:39:19
6 сынып оқушыларымен кітапханада ”Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” сайысы өтті.
Мақсаты: “Сөз мәйегі - мақал” дегендей, ата -бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы оқушыларды адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тапқырлыққа, даналыққа тәрбиелеу. Ұйымдастырушы: Сағатбекова М.С.
Автор: №7 МГ

Кітапханаға саяхат

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-03-01 14:38:48
Кітапханаға саяхат
Іс-шара барысында оқушылар  кітапханамен танысып, кітапхана туралы, ережесі, жазылу тәртібі, кітапты күтіп ұстау  мәліметтер алды. Сонымен қатар оқушылар «Балаларға әдебиеті» атты кітап көрмелерімен танысып, «Додекаэдр» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білетін ертегілерімен, өлеңдерімен бөлісті.
Автор: №7 МГ

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар арасында #Менің Сүйікті кітабым республикалық челленджі басталды.

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-03-01 14:38:07
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар арасында #Менің Сүйікті кітабым республикалық челленджі басталды.
28 ақпан күні «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы «Оқуға құштар мектеп» республикалық челленджін жүзеге асырды. Шараға мектебіміздің оқушылары да қатысты. 
Автор: №7 МГ

Құрметті оқушылар! “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясындағы қысқы демалыс кезінде “Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз” атты іс-шараға шақырамыз. Ұсынылған кітаптарды оқи отырып, демалысты қызықты өткізейік.

Дәреже: Кітапхана
Дата: 2024-01-04 14:31:19

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 8 соңғысы