Размер шрифта:

Дәреже: Все

«Алтын белгіге»,«Үздік аттестатқа» психологиялық қолдау

Ақпан айында мектеп психологы Ф.Садуакасова 11-сынып оқушысы «Алтын белгіге»,«Үздік аттестатқа» үміткер оқушымен психологиялық жеке кездесу өткізді. Совет Мухаммадрасулға психологиялық бағыт бағдар, кеңестер беріліп, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ дұрыс тамақтану,күн тәртібі, қорқыныш, мазасыздану, ҰБТ-ға қалай дұрыс дайындалуға болатыны айтылып, болашағын қағаз бетіне түсіру терапиясы арқылы, болашақтағы өзінің іс-әрекетін бейнелеп берумен аяқталды.

2022-02-09 11:25:17

Скачать Смотреть

«Нақты сенім»тренинг

Мектебімізде мектеп психологы Ф.Садуакасова 11-сынып оқушыларымен «Нақты сенімді тұлға» атты тренингі өткізді. «Талдау», «Жас түлектердің стреске жақындығын айқындау», «Менің жаңа өмірім», «Афермация» жаттығулары жасалып, осы тренингтен алған әсерлерін айтып бөлісті. Мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ-ға дайындығын тексере отырып, қорқыныш пен іштей қинаған сезімдерден құтылуға, адал болуға психологиялық көмек көрсете отырып, бойларына сенімділік ұялату.

2022-02-09 11:22:15

Скачать Смотреть

«Өмірімнің мәні» атты тренингі

Ақпан айында 9-сынып оқушыларымен мектеп психологы Ф.Садуакасова «Өмірімнің мәні» атты тренингін жүргізді. «Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деп оқушыларға сұрақ қоюдан басталды. Оқушылар шеңберге жиналып, бір - бірімен сәлемдесті де М. Мақатаевтың «Өмір жайлы» әнін айтып, талдау сұрақтарына жауап берді. Тренингте «Түймедейді түйедей ету», «Мен жалғыз емеспін», «Ассоциация» жаттығулары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру, олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, достыққа, сыйластыққа үйрету; Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.

2022-02-08 16:30:15

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебі (Адалдық сағаты)

8.02.22 күні 5- сыныптарда «Адалдық сағаты» болып өтті. Адалдық сағатының мақсаты: Жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Адалдық, Парасаттылық, Әділдік және Сенім құндылықтарын насихаттау мақсатында, жемқорлық – індет, оның алдын алу міндет екендігі, жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу жайында екендігі, «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» немесе Адалдық жүрген жерде адамдық жүретіндігі туралы оқушыларға айтып, түсіндірді.

2022-02-08 15:32:01

Скачать Смотреть

7-11 сынып оқушыларының ата- аналарына жиналыс

Мектебімізде мектеп психологы Ф.Садуакасова 5.02.22 күні 7-11 сынып оқушыларының ата- аналарына жиналыс өткізді. Күн тәртібінде «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық», «Мамандық таңдау», «Балалардың желі қауіпсіздігі» тақырыптарына тоқталды. Жиналыс барысында ата–аналарға баланың болашақ өмірін қалыптастыру, интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік берілді. Жеткіншектердің мамандыққа бейімделу мен қабілеттілігін ертерек анықтап, болашақ мамандықтарын бірлесе отырып шешу керектігіне тоқталды.

2022-02-07 10:17:11

Скачать Смотреть

«Жемқорлыққа жол жоқ»

7.02.22 күні «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында «Адал ұрпақ» еріктілер клубының ұйымдастыруымен 10-11 оқушылары арасында әңгіме сағаты өтті. Мақсаты – құқықтық және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, еңбек дағдыларын және дүниетанымдарын кеңейту. Оқушылар өз ойларын жарыса айтып, ол жерде әділетсіздіктің орын алғанын баяндады. Одан әрі мұғалім «құқықбұзушылық», «коррупция» туралы түсініктер берді.

2022-02-07 10:13:15

Скачать Смотреть

Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін перспективті (ұсынылатын) екі апталық ас мәзірі

Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін перспективті (ұсынылатын) екі апталық ас мәзірі

2022-02-05 10:24:04

Скачать Смотреть

Перспективалы екі апталық мәзір жасалады тағамдар халықтың әлеуметтік осал топтарынан 5-11 сынып оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жалпы білім беретін мектептерде 2021-2022 жылдарға арналған "жалпыға міндетті оқу" қорының қаражаты есебінен

Перспективалы екі апталық мәзір жасалады тағамдар халықтың әлеуметтік осал топтарынан 5-11 сынып оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жалпы білім беретін мектептерде 2021-2022 жылдарға арналған "жалпыға міндетті оқу" қорының қаражаты есебінен

2022-02-04 09:39:33

Скачать Смотреть

«Отбасылық өмірге дайындық үрдісі»

Мектебімізде мектеп-психологы: Ф. Садуакасованың ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына «Отбасылық өмірге дайындық үрдісі»тақырыбында психологиялық тренинг өтті. Тренингімізді бастамас бұрын, стресс кезінде денені бос ұстау жаттығуларынан бастап, «Күн шуағы», «Отбасым-сыйластық,жарастық орнаған ортам» (шағын дәріс),«Тілек шамы» сынды тренингтермен жалғасын тапты. Мақсаты:Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге,ата-анасын сыйлауға,кішіге қамқор,тату болуғатәрбиелеу. Оқушылардың отбасытуралыбілім беру,отбасы мұшелерін сыйлауға,ата-ананы құрметтеуге,біріне-бірі қамқор болуға,әр адамның отбасындаөз орны болатынын түсінуге тәрбиелеу.

2022-02-03 11:17:57

Скачать Смотреть

«Есірткі улы психотропты заттардың зияны» туралы жасөспірімдерге ақпарат

Мектебімізде ақпан айының 3-жұлдызында мектеп психологы Ф.Садуакасованың ұйымдастыруымен 7,8,9,10 сынып оқушыларына «Есірткі улы психотропты заттардың зияны» туралы жасөспірімдерге ақпарат,кеңес берілді. Мақсаты:Жасөспірімдерге есірткі, улы психотропты заттардың зияны түсінік беру. Теріс қылықтардан сақтандыру.

2022-02-03 11:14:32

Скачать Смотреть

«Алтын жүрек анамыз» тақырыбымен кітап көрмесі

2.02.22 күні мектебімізде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін аясында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбымен кітап көрмесі өткізілді. Аталған іс-шараға 3а сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпасқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

2022-02-02 09:44:14

Скачать Смотреть

«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы басталды.

«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы басталды.

2022-01-31 20:44:45

Скачать

бiрiншiсi 1 31 32 33 34 35 61 соңғысы