Размер шрифта:

Дәреже: Все

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында өткізілген іс-шара ақпараты

2021 жылдың 29-қазаны күні №9 жалпы білім беретін мектебінде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында мектеп кітапханасында 3-сынып оқушыларына «Өнер білім бар жұрттар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханалық сағат өтті. Мақсаты: алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

2021-10-29 14:52:21

Скачать Смотреть

А.Байтұрсынұлына арналған іс-шаралар Ақпараты

Қазан айында мектебіміздің кітапханасында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты бастауыш, орта буындарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Қозгуренова және кітапханашы К. Әбдуалидың ұйымдастыруымен танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: ақынның өмір, еңбек жолымен таныстыру, өскелең ұрпаққа бай мұраларын жеткізу.

2021-10-26 16:28:01

Скачать Смотреть

10-сыныптардың бейімделуі ақпарат

10-сыныптармен өткізілген жұмыс түрлері: 1. Генотип-темперамент 2. Социоматрица 3. Мамандық таңдау бойынша кәсіби бағдар беру Ең бірінші балалардың темпераментін анықтадым.

2021-10-26 09:31:17

Скачать Смотреть

«Дос-ажарың, жолдас-базарың» ұжымаралық сыйластықты арттыруға бағытталған іс-шараның ақпараты

№ 9 жалпы білім беретін мектебімізде қазан айының 20 жұлдызында 10-сыныпоқушыларымен «Дос-ажарың, жолдас-базарың» атты психологиялық тренинг өткізілді. Оқушылармен «Танысу тренингі»,«Сергіту сәті»,«Досыңды тап», «Досым мені түсін» әдістерін қолдана отырып профилактика өткізілді. Оқушылар тренингтен жақсы әсер алып, көңіл күйлері көтеріліп, достықтары нығая түсті. Тренингтің мақсаты:Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

2021-10-21 09:23:45

Скачать Смотреть

«Адалдық адамдықтың белгісі» «Адал болу деген не?»

Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушыларына «Адалдық адамдықтың белгісі» «Адал болу деген не?» тақырыптарында «Адалдық сағаты» өткізілді. Мақсаты: оқушыларға адалдық, шындық туралы түсінік бере отырып, оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Сондай-ақ, адами қасиеттерді, адалдық, шыншылдық, әділдікті бойына сіңіреді. Әлеуметтік жағынан дамыған, ұшқыр, ұтымды ойлап, белсенді қимылдайтын, өзгенің пікірін сыйлап, төзімділікпен тыңдай білетін саналы азамат болып қалыптасуға дағдыланады.

2021-10-18 11:32:13

Скачать Смотреть

«Қылмыс және жасөспірім» Ақпарат

Мектебімізде Қазан айының 14-ші жұлдызында мектеп-психологтары: С.Абеуова Ф. Садуакасова Әлеуметтік педагог: Ж.Төлегеннің ұйымдастыруымен 5 - сынып оқушылары арасында «Қылмыс және жасөспірім» тақырыбында «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» бағыты бойынша жиналыс өтті. Мақсаты: 1.Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру. 2.Оқушылардың терең ойлау, өз ойларын ашық және толық жеткізе білу, пікір таластыру қабілеттерін дамыту. 3.Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейрімділікке баулу арқылы тәрбие беру.

2021-10-15 10:21:59

Скачать Смотреть

«Қазақ жырының алдаспаны-Қасым» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалып,оқу сағат

Бүгін,12.10.2021ж ақиық ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қалам мен қаруды қатар ұстаған» атты апталық аясында мектеп кітапханасында «Қазақ жырының алдаспаны-Қасым» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалып,оқу сағаты өтті.Аталған іс-шараға 6 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Көрменің мақсаты Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы жеке тұлғасын таныту,балалардың ақын шығармашылығына,жалпы кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.Оқушылардың туған халқының талантты ақынына,әдебиетіне,туған еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып,адамгершілікке тәрбиелеу.

2021-10-14 15:55:21

Скачать Смотреть

"Зайырлы мемлекет және биік руханият" атты көрме ұйымдастырылды

18 қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Осы мерекеге орай, бүгін.12.10.2021ж мектеп кітапханасында "Зайырлы мемлекет және биік руханият" атты көрме ұйымдастырылып, 3б сынып оқушыларын аақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.

2021-10-14 15:51:20

Скачать Смотреть

«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы

Акция барысында оқушыларға кітапты күту және дұрыс ұстау ережелерін айтып, мектеп бағдарламасындағы кітаптардың жөні тіптен бөлек екенін, олардан кейінгі буынның да ұстайтынын айтып өтті. Мектеп парламенті ұйымының мүшелері мен мектеп кітапханашысы 1-4,8,9сынып оқушыларының кітаптарын тексеріп шықты. Мектеп бойынша барлығы 50% оқулық тексерілді. Олардың 8%-ы бүлінген. Кітаптары қапталмаған, шимайланған және жыртылған оқушыларға және мұғалімдеріне ескерту айтылды. Айтылған ескертулерді түзету үшін мектеп парламенті ұйымының оқушылары мен мектеп кітапханашысы әр дүйсенбі сайын оқулықтарды тексеруді қолға алды.

2021-10-14 11:33:08

Скачать Смотреть

«Оқушылардың қабілет ерекшеліктерін анықтау» әдістемесінің ақпары

Тренинг мақсаты: Оқушылардың болашақта кім болатынын сурет салу арқылы анықтау. Мектебімізде Қазан айында мектебімізде мамандық таңдауға психологиялық тұрғыдан бағыт-бағдар беру мақсатында 4 А, Ә, Б сынып оқушыларынан «Оқушылардың қабілет ерекшеліктерін анықтау» әдістемесі бойынша болашақта кім болатынын сурет арқылы анықтау жұмыстары жүргізілді.

2021-10-13 17:38:24

Скачать Смотреть

«Балқаш қаласы № 9 жалпы білім беретін орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕСІ

«Балқаш қаласы № 9 жалпы білім беретін орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің ІШКІ ЕҢБЕК ТӘРТІБІНІҢ ЕРЕЖЕСI

2021-10-13 11:27:00

Скачать Смотреть

Темперамент типін анықтау тестінің ақпараты. 2021-2022 оқу жылы

Мектебімізде Қазан айында 3 А, Ә, Б және 4 А, Ә, Б сынып оқушыларымен Темперамент типтерін анықтау тестін алдым. Тренинг мақсаты: Сыныптың темперамент типтерін анықтау. Қорытынды: Оқушылардың басым бөлігі флегматик, сангвиник темпераментіне жатады. холериктер – сезімтал, агрессивті, шамданғыш, көңіл-күйі өзгергіш, басқамен қарым-қатынаста я сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист, белсенді, сенгіш, ашуланшақ. Сангвиник – ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып-қымтырылмаытын, өмір сүйгіш, уайымсыз, көтерінкі көңілді, басшылыққа бейім. Флегматик – сақ, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Меланхолик – беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист, тұйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригіттік. Ұсыныс: Оқушылармен жұмыс жасау барысында мінез-құлқын да ескерген дұрыс. Мектеп психологы: С.Абеуова 87007307302

2021-10-09 13:34:07

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 36 37 38 39 40 61 соңғысы