Размер шрифта:

Дәреже: Все

«Өзімді өзім танумен өсіп келем...» тренинг

Мектебімізде 18.11.21 күні 5 - 6 сынып оқушыларымен «Өзімді өзім танумен өсіп келем...» атты психологиялық тренинг өткізілді.Өскелең ұрпақтың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болатындарына тоқтала өтті. «Ойлануға арналған сұрақтар», «Мейірімді жүрек», «Биіктік», «Дракон ойыны», «Қызға 40 үйден тыйым» әдістерін қолданып оқушылармен топтық жұмыс жаттығулары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Тренинг соңында әр оқушы өз ойларын көбелек қиындысына жазып жайқалып өсіп тұрған емен ағашына жапсырды.

2021-11-30 16:05:13

Скачать Смотреть

«Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Мектебімізде 19.11.2021 күні 7-сыныптар арасында «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: Толеранттық ұғымын кеңейту. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен,ізгілікпен қарауға үйрету. Жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен, қасындағы адамдарға шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеу. Ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейту, оқушыларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру.Ұжымдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

2021-11-29 12:46:21

Скачать Смотреть

«Менің арманым» тренинг-сағат

Мектебімізде 26.11.21күні 3 сыныптарға балалардың санасына мамандық туралы ой салу мақсатында «Менің арманым» тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың армандары мен мақсаттары жайында білу.

2021-11-27 11:04:07

Скачать Смотреть

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

2021-11-26 14:55:06

Скачать Смотреть

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау және міндеттерін жүктеу туралы

Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілді тағайындау және міндеттерін жүктеу туралы

2021-11-26 14:52:17

Скачать Смотреть

«Адалдық сағатына» ақпарат

Мектебімізде 25.11.21 күні 8-11 сыныптарға «JasOtan» жастар қанатының төрағасы Ержан Хамитовпен «Адалдық сағаты» болып өтті. Адалдық сағатында жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар аясында өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу. Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. «Адалдық» деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады.Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу – өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады.

2021-11-25 10:32:07

Скачать Смотреть

Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20619 болып тіркелді. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес, "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16-бабының 1-тармағына негізінде БҰЙЫРАМЫН:

2021-11-24 16:31:06

Скачать Смотреть

Педагогикалық әдеп коммисия мүшелері

1. Алтаева Гүлфархад Хамиевна 2. Акшолакова Гүлжазира Рымкуловна

2021-11-24 16:30:20

Скачать Смотреть

Педагог мәртебесі туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ. Осы Заң педагог мәртебесін айқындайды, педагогтің құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктерін және шектеулерін, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.

2021-11-24 16:29:48

Скачать Смотреть

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында

13- қараша 2021 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында мұғалім Әбдіғаппар Ү.С. мектеп ұстаздары арасында құқықтық білім бойынша мағлұмат берді. Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарынан азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.

2021-11-18 12:43:33

Скачать Смотреть

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыру» атты тақырыпта үздік бейнебаян сайысы

Қараша айында 9-11сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыру» атты тақырыпта үздік бейнебаян сайысы ұйымдастырылды. Аталған тақырыпқа оқушылар бейнебаян жасады. 9 «ә» сынып оқушыларының жасаған бейнебаяны «Ең үздік» деп танылды.

2021-11-18 12:30:42

Скачать Смотреть

«Өзін-өзі бағалау» әдістемесінің ақпараты

Мектебімізде 15. 11 жұлдызында 2, 4 сынып оқушыларынан «Өзін-өзі бағалау» әдістемесін мектеп психологы С. Абеуова алынды. Оқушылардың алдына дөңгелекшелер суреттелінген карточкалар берілді. Карточкада 9 дөңгелекшелердің ішіне өзін қай деңгейде екенін анықтау тапсырылды. Мақсаты: Оқушының өзін-өзі бағалау шамасын, ата-анамен, достарымен қарым-қатынасын анықтау, кеңес беру.

2021-11-18 11:44:29

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 34 35 36 37 38 61 соңғысы