Дәреже: Все

«Талабыңа нұр жаусын» дарынды оқушыларға арналған тренингі

27.04.22- жұлдызында мектеп психологы: С.Абеуова 3-сынып оқушыларына «Талабыңа нұр жаусын» дарынды оқушыларға арналған тренингін өткізді. Дарындылық және қабілет ұғымы туралы түсінік беріліп, өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі тануына мүмкіндік жасалды. Тренинг арқылы бір-бірімен жағымды қарым-қатынас орнатылды. Іс-шара шаттық шеңберімен бастау алып,«Кім екенін тап», «Түрлі-түсті шарлар», «Достық сақинасы», «Суретті аяқта және жалғастыр» ойындарымен оқушылардың көңіл-күйлері серпіліп,қызығушылықтары арта түсті.

2022-04-28 10:49:34

Скачать Смотреть

«Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» Ақпарат

27.04.22 жұлдызында мектеп психологы Ф.Садуакасова «Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» атты тренинг өткізді. Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйлерін көтеріп, психологиялық ахуал тудырып,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында өткізілді. Шеңбер құрып сәлемдесу жаттығуымен басталды. «Жасырын хат, ойлан тап!», «Достық сақинасы», «Түрлі түсті шарлар», «Көрші» ойындарымен жалғасын тапты. Ұстаздардың көңіл-күйі көтеріліп, эмоционалды әсерге бөленді.

2022-04-27 13:55:04

Скачать Смотреть

«Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» Ақпарат

27.04.22 жұлдызында мектеп психологы Ф.Садуакасова «Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» атты тренинг өткізді. Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйлерін көтеріп, психологиялық ахуал тудырып,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында өткізілді. Шеңбер құрып сәлемдесу жаттығуымен басталды. «Жасырын хат, ойлан тап!», «Достық сақинасы», «Түрлі түсті шарлар», «Көрші» ойындарымен жалғасын тапты. Ұстаздардың көңіл-күйі көтеріліп, эмоционалды әсерге бөленді.

2022-04-27 13:55:03

Скачать Смотреть

«Бейбітшілік-ел тірегі» атты кітап көрмесі

26.04.2022 күні1 мамыр- Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мектеп кітапханасын да «Бейбітшілік-ел тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 4 ә сынып оқушылары қаттысты.Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушыларды достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу мақсатында ұйымдастырылды.

2022-04-26 15:08:57

Скачать Смотреть

Тамақтану санасына мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану санасына мониторинг жүргізу актісі

2022-04-18 13:11:02

Скачать Смотреть

«Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында кітапханалық сағаты

Мектебімізде кітапхана меңгерушісі Әбдуали К.Б. 06.04.2022ж «Бір ел-бір кітап» респуликалық акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» тақырыбында кітапханалық сағат өткізді. Аталған іс-шараға 7 сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орынтаева Ж.А. қатысты. Оқушылар ақынның өлендерің жатқа оқыды. Мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Ахмет Байтұрсынұлының өміріне арналған буклет, нақыл сөздері, жазғанеңбектері, шығармалары қойылды.

2022-04-14 09:35:34

Скачать Смотреть

«Ғарышкері қазақтың» атты кітап көрмесіне шолу

04.04.2022 күні мектеп кітапханасында 12 сәуір-ғарышкерлер күніне орай «Ғарышкері қазақтың» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шараға 3 «Б» сынып оқушылары қатысты.Оқушылар көрмеге қойылған «Ғылым»,және «Білімдар» энциклопедияларымен,еліміздің ғарышкер-ұшқыштары,халық батырлары Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтердің өмірі,қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы да материалдармен таныстырылды. Іс-шараға оқушылар қызығушылықпен қатысты,өз ойларын ортаға салды.

2022-04-08 14:36:34

Скачать Смотреть

«Мен бос уақытымда немен айналысамын?» Ақпарат

Сәуірдің 6-шы жұлдызында мектеп психологтары Садуакасова Ф, Абеуова С Кибербуллинг бойынша «Мен бос уақытымда немен айналысамын?» тақырыбында дөңгелек стөл өткізді. Тренингке 5-6 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға бос уақыттарын тиімді өткізу ұсынылды. Іс-шара шаттық шеңберінен бастау алып, «5-жақсы қасиет», «Жағдайлар» рефлекциясы жасалды. Бос уақытыңда не істейсің?, қандай үйірмелерге қатысасың? Үйірме несімен ұнайды? сынды сұрақтар талқыланды. Тренинг соңында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік, неден сақтану қажет, интернетпен жұмыс жасаған кезде қандай қауіпсіздік ережелерін ұстану қажет екені баяндалды.

2022-04-06 17:33:22

Скачать Смотреть

Сауалнама тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс – қимыл жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған іс–шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 1,4-9,11 сынып оқушыларының ата – аналары сауалнамаға қатысты.

2022-04-06 17:22:20

Скачать Смотреть

«Емтиханға 1-ай қалғанда» тренинг Ақпарат

Сәуір айында мектеп психологы Садуакасова Ф.Ж 11-сынып оқушыларымен «Емтиханға 1-ай қалғанда»атты тренингін жүргізді. ҰБТ тапсыру кезінде өзін қалай ұстау ережесімен, жігерлендіру жаттығуларымен оқушыларды таныстырып өтті. Тренинг барысында «Құлаққа массаж»,«10 сөз», «Алғашқы көмек»,«Жағдайлар» атты рефлекция жасалды. Алдағы ҰБТ-ға сәттілік тілеп, жақсы көңіл күймен аяқтады.

2022-04-06 15:27:33

Скачать Смотреть

«Адалдық дүкені» ақпараты

Мектебіміздің бірінші қабатында «Адалдық дүкені» бар. «Адалдық дүкенінің» мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру. «Адалдық дүкенінде» мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысатын болады. Яғни, сатушысы жоқ дүкенде затты сатып алушылар өздеріне қызмет көрсетпек. Сауда орнының басты ерекшелігі де осында, яғни сатып алушылар өзіне тек адалдық принципі бойынша қызмет көрсетті.

2022-04-06 09:34:01

Скачать Смотреть

«Кітап менің өмірімде» ақпарат

Мектебімізде 1.04.2022 күні мектеп кітапханасында, 2-сәуір халықаралық балалар кітабы күніне орай, мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен «Кітап менің өмірімде» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Аталған іс-шараға 6 «А» сынып оқушылары қатысты. Алдымен балаларға атаулы күннің не туралы, қалай пайда болғаны жөнінде ақпараттар айтылып, әдеби кітаптарға саяхат жасалды. Сонымен қатар балалар кітап туралы өлең шумақтарын оқыды, интеллектуалды ойындар ойнады. Шара соңында балалар кітап көрмесімен танысты. Мақсаты: Кітап арқылы оқушылардың жандүниесін кеңейту.Балалардың әдебиетке, кітап өнеріне және кітап мәдениетіне баулу, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.

2022-04-04 14:41:55

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 27 28 29 30 31 61 соңғысы