Дәреже: Все

10-сынып оқушыларымен «Мен және менің ортам» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 22.05.23 күні мектеп психолгі 10-сынып оқушыларына «Мен және менің ортам» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты:өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Оқушылар тренингті «Жан жылуы» атты жаттығуды орындау арқылы жағымды көңіл-күймен бастады. Сонымен қатар, «Эмоцияңды көрсет», «Жүйрік ой» атты жаттығуларды орындады. Рефлексияда әрбір қасиетке лайық деп танылған оқушыға жеке-жеке қошемет көрсетілді. Соңында оқушылар шеңбер құрып , әр қайсысы кезекпен кезек тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдірді.

2023-05-22 13:00:21

Скачать Смотреть

Нашақорлық және есірткінің алдын алу бойынша дәргері- эпидемиолог мен кездесу ақпараты

ЖИТС - тың алдын алу жане куресу орталыгының Балқаш қаласы бойынша бөлімінің дәрігер- эпидемиологы - Батырбекова Айгуль Абдолдаева, №1 поликлиника дәрігер – педиатр - Клюников Сергей Владимирович, психолог - Ледовское Татьяна Владимировна 16.05.23 күні 8-11 сынып оқушыларына «Нашақорлық – бұл ауру, оны емдегеннен гөрі алдын алған жөн» тақырыбында әңгіме түрінде дәріс өтті. Дәріс барысында «ЖИТС – алдын алудың өзекті мәселелері» ЖИТС ауруының эпидемиологиялық (індеттің) жағдайы тақырыбында ақпараттар берілді. Нашақорлық адам өміріне қауіпті , оның тұқымқуалау қасиеттері де бар. Нашақорлық – есірткіні жүйелі пайдалану кезінде пайда болатын ауыр психикалық ауру. Нашақорларға жүргізілген көптеген зерттеулер, әсіресе жастарға жүргізілген сауалнамалар, әртүрлі жас топтарындағы жастардың есірткіге тәуелді болуына себеп болатын көптеген факторлар мен себептер бар екенін айтты. Есірткіге тәуелділік алкогольге қарағанда айқынырақ сипатталады. Барлығын аз уақытта шеттетіп, тез арада ішкі дүниеде бос сезім пайда болып, тегінде шыңыраудан шығу азабына түскеннен ,сол құзға апаратын жолға түспей жүру керектігін ескертті. Оқушылар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

2023-05-16 17:00:48

Скачать Смотреть

«Қыз –еркем,қылығымен -көркем» ақпараты.

Мамыр айында мектеп психологі 5-6 сынып қыз балаларымен «Қыз –еркем, қылығымен -көркем» дөңгелек үстел өткізілді. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: әдептілікке, әдемділікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге. Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.Қыз баланың бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. @balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#9мектеппсихолог @uo.krg@umckrg@g.kozhakhmetova

2023-05-16 12:01:35

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында ұйымдастырылған «Менің отбасымның кітапханасы» атты кітап көрмесінің ақпараты

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 15 мамыр –Халықаралық отбасы күніне орай «Менің отбасымның кітапханасы» атты кітап көрме ұйымдастырылды. Балаларды кітап оқуға тартуға үлкен әсер ететін ең маңызды әрі басты институт – отбасы. Балалардың кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы көп жағдайда ересектерден алған үлгіге байланысты.Сондықтан отбасымен кітап оқу маңызды рөл атқарады. Мақсаты: қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларды саралап, бала бойында адамгершілік, имандылық тәрбиені қалыптастыру, мейірімділікке, сүйіспеншілікке, ата-анасын құрметтеуге баулу, оқушыларға кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітап оқуға ынталандыру арқылы шығармашыл, әлеуметттік бейімделген жеке тұлғаны дамытуға жол ашу, ойлауға, білуге құмарлығын дамыту, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу. #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2023-05-15 13:59:37

Скачать Смотреть

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

2023-05-15 11:01:59

Скачать Смотреть

«Нашақорлық дертін болдырмау – жастар қолында» сынып сағаттарының ақпараты

15.05.23 күні «Нашақорлық дертін болдырмау – жастар қолынд» тақырыбында 7-11 сыныптарда сынып сағаттары өтті. Қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет - әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кететіндігін айтып өтті. Оқушылар өз ойларымен толықтырды.

2023-05-15 09:36:20

Скачать Смотреть

«Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында Сауриков О.А, Токбулатова Г.Т. ұстаздар арасында тренинг

12-мамыр 2023 жылы мектебімізде өндірістік жиналыс болып өтті. Жиналыста мектеп директоры Жолдасова Дина Турсыновна мектеп бітіруші сыныптар үшін сыбайлас жемқорлық туралы сөз қозғады. «Жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында география пәнінің мұғалімі Сауриков О.А, тарих пәнінің мұғалімі Токбулатова Г.Т. ұстаздар арасында тренинг ұйымдастырды. Бұл тақырыптағы тренинг сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарынан азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.

2023-05-12 13:11:46

Скачать Смотреть

Ашық бюджет 2022-2023 оқу жылы

Ашық бюджет 2022-2023 оқу жылы

2023-05-05 16:51:15

Скачать Смотреть

Ашық бюджет 2021-2022 оқу жылы

Ашық бюджет 2021-2022 оқу жылы

2023-05-05 16:50:30

Скачать Смотреть

Ашық бюджет 2020-2021 оқу жылы

Ашық бюджет 2020-2021 оқу жылы

2023-05-05 16:14:26

Скачать Смотреть

«Адалдық сағаты»

Мектебімізе 4.05.23 күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру «Адалдық сағаты» өткізілді. Оқушылаға Азамат Есжановтың түсірілген бейнеролигі көрсетілді.@uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2023-05-04 14:11:47

Скачать Смотреть

9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ер мен жердің жеңісі» атты тәрбие сағатының ақпараты

03.05.2023ж мектеп кітапханасында 6 Б сынып оқушылардың қатысумен «Ер мен жердің жеңісі» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқушыларға Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда екендігі айтылып, «Ер мен жердің жеңісі» атты көрмемен таныстырылды. Тәрбие сағатының мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу. Оқушылардың Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге, өз халқымыздың тарихын құрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің достығын нығайтуға тәрбиелеу.#oqu_agartu_ministrligi;#RUMCDOMONRK#ҚРБҒММОНРК#РУМЦДОМОНРК#karagandoblysybilimbaskarmasy#balkash_qalasy_bilim_bolimi@uo.krg@umckrg@g.kozhakhmetoova

2023-05-03 15:53:06

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 57 соңғысы