Размер шрифта:

Психологтың жұмысы

Дәреже: Психологтың жұмыстары

«Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау» тренингі

Мектебімізде желтоқсан айының 8-жұлдызында 11 сынып оқушыларымен «Оқушыларды ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындау» тренингі өтті. «Сәлемдесу» Мақсаты: амандасу, топты ұйымдастыру.«Интуицияңды тексер»жаттығуы.Мақсаты: Оқушылардың интуициясының қаншалықты дамығандығын диогностикалау.Рөлдік ойын: «Кездесу» Мақсаты:Өзгенің орнында болып, тығырықтан шығу жолын табуға тырысу.«Мен хирургпін» Мақсаты:Оқушылардың ой-пікірін ортаға салу, адамгершілік қасиетін анықтау.«Гүлге қонған көбелек» Нәтижесінде оқушылар психологиялық тұрғыда дайындықтары жоғары деңгейде болды.

2021-12-08 13:54:46

Скачать Смотреть

«Қабілеттілікті зерттеу»

Мектебімізде 3.12.2021 күні 7-сыныптар арасында «Қабілеттілікті зерттеу» бойынша оқушылардан автоматтандырылған жүйе бойынша сауалнама алынды. Мақсаты: Мамандыққа деген танымдық қызығушылық ынтасын, байқаушылығын, ілтипаттылығын дамыту; Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы туралы түсінік беру; Сауалнаманың нәтижесі:

2021-12-06 15:26:30

Скачать Смотреть

«Өзімді өзім танумен өсіп келем...» тренинг

Мектебімізде 18.11.21 күні 5 - 6 сынып оқушыларымен «Өзімді өзім танумен өсіп келем...» атты психологиялық тренинг өткізілді.Өскелең ұрпақтың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болатындарына тоқтала өтті. «Ойлануға арналған сұрақтар», «Мейірімді жүрек», «Биіктік», «Дракон ойыны», «Қызға 40 үйден тыйым» әдістерін қолданып оқушылармен топтық жұмыс жаттығулары жүргізілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Тренинг соңында әр оқушы өз ойларын көбелек қиындысына жазып жайқалып өсіп тұрған емен ағашына жапсырды.

2021-11-30 16:05:13

Скачать Смотреть

«Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз»

Мектебімізде 19.11.2021 күні 7-сыныптар арасында «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: Толеранттық ұғымын кеңейту. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен,ізгілікпен қарауға үйрету. Жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен, қасындағы адамдарға шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеу. Ата-ана мен бала арасындағы байланысты күшейту, оқушыларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру.Ұжымдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру.

2021-11-29 12:46:21

Скачать Смотреть

«Менің арманым» тренинг-сағат

Мектебімізде 26.11.21күні 3 сыныптарға балалардың санасына мамандық туралы ой салу мақсатында «Менің арманым» тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өмірге деген көзқарасын дамыту, олардың армандары мен мақсаттары жайында білу.

2021-11-27 11:04:07

Скачать Смотреть

«Өзін-өзі бағалау» әдістемесінің ақпараты

Мектебімізде 15. 11 жұлдызында 2, 4 сынып оқушыларынан «Өзін-өзі бағалау» әдістемесін мектеп психологы С. Абеуова алынды. Оқушылардың алдына дөңгелекшелер суреттелінген карточкалар берілді. Карточкада 9 дөңгелекшелердің ішіне өзін қай деңгейде екенін анықтау тапсырылды. Мақсаты: Оқушының өзін-өзі бағалау шамасын, ата-анамен, достарымен қарым-қатынасын анықтау, кеңес беру.

2021-11-18 11:44:29

Скачать Смотреть

«Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?» оқушыларға арналған психологиялық пікірталас

Мақсаты: Оқушыларды мемлекеттік нышандарын қадірлеуге, әрқашан жоғары ұстауға, еліміздің мемлекеттік рәміздерінің қадір –қасиетін оқырмандарға ұқтыра отырып, оларды ұлтжандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Мектебімізде 17.11.21 жұлдызында 10-сынып оқушыларына «Діни экстремизм жастарға қандай қауіп төндіреді?» деген тақырыпта пікірталас өтті. Оқушылар 3-топқа бөлініп, берілген тақырыптар бойынша өз ойларын айтып, пікірталас жүргізді.

2021-11-18 09:14:56

Скачать Смотреть

«Жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру» «Қарағанды облысындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» бағдарламасы аясында оқушылардың хабардарлығын арттыру бойынша өткізілген дәрістердің Ақпараты

Мектебімізде Қараша айының 15-ші жұлдызында мектеп-психологы Ф. Садуакасованың ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «Жасөспірімдердің хабардарлығын арттыру» тақырыбында «Қарағанды облысындағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтер превенциясы» бағдарламасы аясында дәріс жүргізілді.Жасөспірімдерге өз сезімдерін билеп дағдыларын дамыта отырып және өмірлік стратегиясын таңдау мүмкіншіліктерінен хабардарлығын арттыра отырып, өз-өзіне көмектесу стратегиялары талқылады.Ерекше көңіл жасөспірімдердің өздерін жақсырақ сезіне алып, кез-келген ауыр жағдайлар мен қиыншылықтарды жеңіп шыға алатындарын да ескерте кетті. Қатысқандар: мектеп психологы: Ф.Ж Садуакасова, 8-сынып оқушылары (жалпы саны- 62 оқушы). Қолданылған материалдар: «Көңіл-күйіңді көтеріп, қуана біл» атты жасөспірімдер хабардарлығын арттыратын кітапша, PowerPoint бағдарламасындағы стандартты слайд-презентация. Мақсаты: Жасөспірімдерге өз сезімдерін билеп дағдыларын дамыта отырып және өмірлік стратегиясын таңдау мүмкіншіліктерінен хабардарлығын арттыра отырып, өз-өзіне көмектесу стратегиясы. Ерекше көңіл жасөспірімдердің өздерін жақсырақ сезіне алып, кез-келген ауыр жағдайлар мен қиыншылықтарды жеңіп шыға алатындарын да ескерте кетті.

2021-11-15 16:08:31

Скачать Смотреть

«Достық» тренинг-сабағының ақпары

Мектебімізде 11.11 жұлдызында 2 а,ә,б сынып оқушыларына арналған психологиялық дамыту ойын-жаттығулар өткізілді. Мақсаты: Балаларды бір-біріне қуаныш сыйлай білуге үйрету, жағымды көңіл-күй туғызу,топ арасындағы сынып оқушыларының жақын танысуы үшін жағдай жасау. Тренинг барысында оқушылар бір-бірімен жақын танысып, көңіл күйлері көтерілді. Айналаға, қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен,ізгілікпен қарауға бағыттадым. Балалармен «Джунглидағы жаңбыр», «Достық сақинасы» «Достық алаңы» т.б сынды жаттығулар арқылы жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен, қасындағы адамдарға шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеу жұмыстарын жасадым.

2021-11-11 15:42:43

Скачать Смотреть

“Мен өскенде кім боламын» тренинг-сағаты

Қазан айында 3 сыныптарға балалардың санасына мамандық туралы ой салу мақсатында «Мен өскенде кім боламын» тренинг-сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды мамандық түрлерімен және маман иелерімен таныстыра отырып мамандық таңдай білуге үйрету. Кәсіптік бағдар беру.

2021-11-03 09:38:23

Скачать Смотреть

10-сыныптардың бейімделуі ақпарат

10-сыныптармен өткізілген жұмыс түрлері: 1. Генотип-темперамент 2. Социоматрица 3. Мамандық таңдау бойынша кәсіби бағдар беру Ең бірінші балалардың темпераментін анықтадым.

2021-10-26 09:31:17

Скачать Смотреть

«Дос-ажарың, жолдас-базарың» ұжымаралық сыйластықты арттыруға бағытталған іс-шараның ақпараты

№ 9 жалпы білім беретін мектебімізде қазан айының 20 жұлдызында 10-сыныпоқушыларымен «Дос-ажарың, жолдас-базарың» атты психологиялық тренинг өткізілді. Оқушылармен «Танысу тренингі»,«Сергіту сәті»,«Досыңды тап», «Досым мені түсін» әдістерін қолдана отырып профилактика өткізілді. Оқушылар тренингтен жақсы әсер алып, көңіл күйлері көтеріліп, достықтары нығая түсті. Тренингтің мақсаты:Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.

2021-10-21 09:23:45

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 6 7 8 9 10 13 соңғысы