Мектеп кітапханасы

Дәреже: Мобильді кітапхана
Мобильді кітапхана

«Тәуелсіздік жетістіктері » атты кітап көрмесіне шолу

Бүгін,11.11.2021ж мектеп кітапханасында ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік жетістіктері » атты кітап көрмесіне шолу өтті. Көрмеге ел Тәуелсіздігінің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуын ,сондай-ақ еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын баяндайтын кітаптар қойылды.Аталған шараға 5Асынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін үлгі ету, желтоқсан құрбандары мен қатысушылар туралы айту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

2021-11-12 10:55:50

Скачать Смотреть

Мектеп кітапханасының алғашқы қонағы 1 «А» сынып оқушылары

Бүгін 09.11.2021 жылы мектеп кітапханасына 1 «А» сынып оқушылары алғаш рет қонаққа келді. Оқушыларды кітапханашы балалар әдебиетімен, мерзімді басылымдармен тыстырды.Балалар ашық түрлі-түсті кітаптарды аса қызығушылықпен қарады. Оқушылар кітапты қалай ұстау керектігін, кітап ережелерімен танысты. Сонымен қатар балалар өздерінің білетін өлең, тақпақ, мақал-мәтелдерімен бөлісті. Мақсаты: балаларды кітапханамен таныстыру. Ертегі кейіпкерлерін балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

2021-11-09 12:40:40

Скачать Смотреть

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында өткізілген іс-шара ақпараты

2021 жылдың 29-қазаны күні №9 жалпы білім беретін мектебінде қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Кел, балалар, оқылық!» апталығы аясында мектеп кітапханасында 3-сынып оқушыларына «Өнер білім бар жұрттар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханалық сағат өтті. Мақсаты: алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.

2021-10-29 14:52:21

Скачать Смотреть

А.Байтұрсынұлына арналған іс-шаралар Ақпараты

Қазан айында мектебіміздің кітапханасында «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» атты бастауыш, орта буындарда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Қозгуренова және кітапханашы К. Әбдуалидың ұйымдастыруымен танымдық сағаты өткізілді. Мақсаты: ақынның өмір, еңбек жолымен таныстыру, өскелең ұрпаққа бай мұраларын жеткізу.

2021-10-26 16:28:01

Скачать Смотреть

«Қазақ жырының алдаспаны-Қасым» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалып,оқу сағат

Бүгін,12.10.2021ж ақиық ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қалам мен қаруды қатар ұстаған» атты апталық аясында мектеп кітапханасында «Қазақ жырының алдаспаны-Қасым» атты тақырыптық көрмеге шолу жасалып,оқу сағаты өтті.Аталған іс-шараға 6 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Көрменің мақсаты Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы жеке тұлғасын таныту,балалардың ақын шығармашылығына,жалпы кітап оқуға деген қызығушылықтарын ояту.Оқушылардың туған халқының талантты ақынына,әдебиетіне,туған еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып,адамгершілікке тәрбиелеу.

2021-10-14 15:55:21

Скачать Смотреть

"Зайырлы мемлекет және биік руханият" атты көрме ұйымдастырылды

18 қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Осы мерекеге орай, бүгін.12.10.2021ж мектеп кітапханасында "Зайырлы мемлекет және биік руханият" атты көрме ұйымдастырылып, 3б сынып оқушыларын аақпараттық сағат өткізілді. Мақсаты Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болады. Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату – еліміздің жарқын болашағының кепілі болмақ.

2021-10-14 15:51:20

Скачать Смотреть

«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы

Акция барысында оқушыларға кітапты күту және дұрыс ұстау ережелерін айтып, мектеп бағдарламасындағы кітаптардың жөні тіптен бөлек екенін, олардан кейінгі буынның да ұстайтынын айтып өтті. Мектеп парламенті ұйымының мүшелері мен мектеп кітапханашысы 1-4,8,9сынып оқушыларының кітаптарын тексеріп шықты. Мектеп бойынша барлығы 50% оқулық тексерілді. Олардың 8%-ы бүлінген. Кітаптары қапталмаған, шимайланған және жыртылған оқушыларға және мұғалімдеріне ескерту айтылды. Айтылған ескертулерді түзету үшін мектеп парламенті ұйымының оқушылары мен мектеп кітапханашысы әр дүйсенбі сайын оқулықтарды тексеруді қолға алды.

2021-10-14 11:33:08

Скачать Смотреть

«Мемлекеттік Рәміздер – ел мәртебесі» атты кітап көрмесі

Мектебімізде 07.10.21 күні «Мемлекеттік Рәміздер – ел мәртебесі» атты кітап көрмесі өткізілді. Көрмеге 3 А сынып оқушылары қатысты.Кітапханашы К. Абдуали. оқушыларға рәміздердің шығу тарихын, оны әрқашанда құрметтеу керек екендігін насихаттады.Оқушылар Мемлекеттік әнұранды орындап, сұрақ –жауаптарға жауап берді.

2021-10-08 15:53:28

Скачать Смотреть

«Жамбыл және қазақ поэзиясы» атты кітапханалық сағаты турылы

№9 жалпы білім беретін мектебінде 21.09.2021ж. ұлы ақын,жырау,жыршы Жамбыл Жабаевтың (1846-1945) туғанына 175 жыл толуына орай мектеп кітапханасында Жамбыл және қазақ поэзиясы» атты кітапханалық сағат өтті,сонымен қатар «Жамбыл және қазақ поэзиясы » атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шараға 4 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға жыр алыбы Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып, Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге , оны бағалай білуге тәрбиелеу.

2021-09-22 14:49:53

Скачать Смотреть

«Тіл-достықтың айнасы»

№9 жалпы білім беретін мектебінде 03.09.2021ж күні, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, мектеп кітапханасында «Тіл-достықтың айнасы» атты кітапханалық сағат өтті.Мектеп кітапханашысы К.Абдуали 3Ә сыныпоқушыларынатыңақпараттарберіп,қойылғанкөрмегешолужасалды.Бұлкүн – «Ұлттыңсақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тіліүшінкүрескен Алашарысы, ұлтұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Мақсаты: Ана тілі туралы кең түсінік бере отырып, оқушыларды ел жандылыққа, туған тілін қастерлеуге, Отанды сүюге, ата - баба дәстүріне, адалдыққа тәрбиелеу.

2021-09-10 14:26:11

Скачать Смотреть

«Байқоңыр даласының алыптары»

Бүгін,12.04.2020ж мектеп кітапханасында 12 сәуір-ғарышкерлер күні мерекесіне орай «Байқоңыр даласының алыптары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шараға 6 «В» сынып оқушылары қатысты.Оқушылар көрмеге қойылған «Ғылым»,және «Білімдар» энциклопедияларымен,еліміздің ғарышкер-ұшқыштары,халық батырлары Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев және А.Айымбетовтердің өмірі,қызметтері және космос кеңістігін бағындырудағы жасаған ерліктері туралы да материалдармен таныстырылды. Іс-шараға оқушылар қызығушылықпен қатысты,өз ойларын ортаға салды. Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.

2021-04-12 10:29:09

Скачать Смотреть

«Наурыз-ынтымақтастық пен достық мерекесі »

Жалпы білім беретін № 9 мектеп кітапханасында оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт – дәстүрлерімен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Наурыз-ынтымақтастық пен достық мерекесі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды Кітапханашы Г.Кәрім оқушыларға Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесінің тарихына шолу жасап, кітап көрмесіне қойылған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты энциклопедиялармен таныстырды.Сонымен қатар мемлекетімізде тұратын көптеген ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті тең құқықпен өмір сүріп жатқандығы туралы айтып,оқушыларға үлгі етті.Қазақстандағы Наурыз құнарлылықты,достық пен махаббатты білдіретіндігі, осы күні адамдардың әсем киініп,туған-туыстарына,жақын адамдарға қонаққа баратындығы және жақсы тілектер білдіретіндіктері туралы айтылды. Оқушылар Наурыз туралы өз ойларын жарыса айтты,іс-шараға қызығушылықпен қатысты.

2021-03-17 09:53:48

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 9 10 11 12 13 соңғысы