Мектеп кітапханасы

Дәреже: Мобильді кітапхана
Мобильді кітапхана

Әжемнің ертегілері ақпарат

№9 ЖББ мектебінде кітапханашының ұйымдастыруымен биылғы жылы оқуға құштар мектеп жобасы аясында кітапханада «Әжемнің ертегілері » атты библиофреш жасалынды.. Мақсаты:Әжемнің ертегісін тыңдай отырып, баланың бойына отбасылық жылулықты, бақытты сәтерді сезіне білуге, қазақ халқының ертегілерін бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

2022-03-16 10:07:01

Скачать Смотреть

«Наурыз-ынтымақтастық пен достық мерекесі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

№ 9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 14.03.2022 күні оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату, ана тілін, оның тарихын, өнерін, мәдениетін қастерлеуге, қазақтың салт – дәстүрлерімен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында «Наурыз-ынтымақтастық пен достық мерекесі » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды Кітапханашы К.Әбдуали оқушыларға Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесінің тарихына шолу жасап, кітап көрмесіне қойылған «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» атты энциклопедиялармени таныстырды.Сонымен қатар мемлекетімізде тұратын көптеген ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті тең құқықпен өмір сүріп жатқандығы туралы айтып,оқушыларға үлгі етті.Қазақстандағы Наурыз құнарлылықты,достық пен махаббатты білдіретіндігі, осы күні адамдардың әсем киініп,туған-туыстарына,жақын адамдарға қонаққа баратындығы және жақсы тілектер білдіретіндіктері туралы айтылды. Оқушылар Наурыз туралы өз ойларын жарыса айтты,іс-шараға қызығушылықпен қатысты.

2022-03-15 16:27:53

Скачать Смотреть

«Ертегі кейіпкерлері шақырады» атты библиофреш

№9 ЖББ мектебінде кітапханашының ұйымдастыруымен биылғы жылы мектеп кітапханасына келіп түскен жаңа кітаптармен таныстыру мақсатында «Ертегі кейіпкерлері шақырады» атты библиофреш өтті. Аталған іс-шараға 1сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларды жаңа кітаптармен таныстырып ,шолу жасау.Ертегі кейіпкерлері арқылы балаларды жан-жақты тәрбиелеу. Ертегі арқылы балаларды мейірімділікке, еңбексүйгіштікке,әрдайым көмек көрсете білулеріне, өмірлік оң көзқарастарына тәрбиелеу.

2022-02-15 15:31:11

Скачать Смотреть

«Ұрпаққа үлгі болған ерлік жылдар» атты көрмеге

11.02.2022 ж мектеп кітапханасында «Ұрпаққа үлгі болған ерлік жылдар» атты көрмеге шолу жасалды. Шараның мақсаты: Ауған оқиғасы жайлы оқушыларға мәлімет беру. Тәуелсіздік жолында күрескен аға – апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.Отанға деген патриоттық сүйіспеншілігін қалыптастыру;өз тарихына қызығушылығын арттыру.

2022-02-11 09:21:51

Скачать Смотреть

«Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты кітапханалық сағат

№9 жалпы білім беретін мектебінде09.02.2022ж. ұлы ақын, Мұқағали Мақатаевтың (1931-1976) туғанына 91жыл толуына орай мектеп кітапханасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты кітапханалық сағат өтті,сонымен қатар « Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.Шараға 3 Асынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Оқушыларға Мұқағали Мақатаев ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып, көрмеге шолу жасау.

2022-02-09 15:36:59

Скачать Смотреть

«Алтын жүрек анамыз» тақырыбымен кітап көрмесі

2.02.22 күні мектебімізде «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігін аясында «Алтын жүрек анамыз» тақырыбымен кітап көрмесі өткізілді. Аталған іс-шараға 3а сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпасқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы – өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру. Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

2022-02-02 09:44:14

Скачать Смотреть

«Бала құқығы» тақырыбында мектеп кітапханасында көрме

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Бұл туралы Қазақстан халқына арналған жаңа жылдық үндеуінде айтты. Осы орайда, «Бала құқығы» тақырыбында мектеп кітапханасында көрме жасалап оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.

2022-01-21 15:12:02

Скачать Смотреть

Ақпарат

№9 жалпы білім беретін мектебінің кітапханашы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап оқу бұл сән » атты буктрейлер жасалды Мақсаты – әлем балаларын әдебиетке жақын болуға шақыру, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін жеткізу. Бұл мақсатты орындау үшін балаларға ұсынар бізде кітаптар бар ма? Балалар әдебиетінің жай-күйі қандай?

2021-12-15 11:34:04

Скачать Смотреть

Тәуелсіздіктің 30 жылына арналған атты арналған іс-шаралар ақпараты

Желтоқсан айында мектебіміздің кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты іс-шараға «Тұғыры биік Тәуелсіздік » атты көрмеге жасалынды. Мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы күрестерді ғасырлар қойнауына жалғасып келе жатқан ұлы тарихтың бір белгісі екендігін түсіну.Кітап арқылы еліміздің экономика,өнер,білім, саясат пен мәдениеттің қалыптасу мен даму кезеңдерін қол жеткізген жетістіктерін көрсету.

2021-12-15 11:05:31

Скачать Смотреть

А.Байтұрсынұлына арналған іс-шаралар ақпаратый

Желтоқсан айында мектебіміздің кітапханасында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тарихи сабақ өткізіліп 8ә сынып оқушылары қатысыты кітапханашы К.Б.Әбдуалидың ұйымдастыруымен тарихи сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихын, ата-баба аманатына адал болуға,ерлігінен үлгі алуға ,бабалар рухын асқақтата дәріптей білуге үйрету.

2021-12-15 11:02:10

Скачать Смотреть

«Тәуелсіздік жетістіктері » атты кітап көрмесіне шолу

Бүгін,11.11.2021ж мектеп кітапханасында ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіздік жетістіктері » атты кітап көрмесіне шолу өтті. Көрмеге ел Тәуелсіздігінің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуын ,сондай-ақ еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын баяндайтын кітаптар қойылды.Аталған шараға 5Асынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін үлгі ету, желтоқсан құрбандары мен қатысушылар туралы айту. Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.

2021-11-12 10:55:50

Скачать Смотреть

Мектеп кітапханасының алғашқы қонағы 1 «А» сынып оқушылары

Бүгін 09.11.2021 жылы мектеп кітапханасына 1 «А» сынып оқушылары алғаш рет қонаққа келді. Оқушыларды кітапханашы балалар әдебиетімен, мерзімді басылымдармен тыстырды.Балалар ашық түрлі-түсті кітаптарды аса қызығушылықпен қарады. Оқушылар кітапты қалай ұстау керектігін, кітап ережелерімен танысты. Сонымен қатар балалар өздерінің білетін өлең, тақпақ, мақал-мәтелдерімен бөлісті. Мақсаты: балаларды кітапханамен таныстыру. Ертегі кейіпкерлерін балаларға түсіндіре отырып, қайырымдылыққа, адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу

2021-11-09 12:40:40

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 8 9 10 11 12 13 соңғысы