Ата-анаға кеңес. Баланың қиялын қалай дамытуға болады.
16-02-2024 13:13

Ата-анаға кеңес.

Баланың қиялын қалай дамытуға болады.

Ең басты назар аударатын жайттардың бірі – ата-ананың балаға деген шексіз махаббаты. Сөзсіз, иә, баланы сүю керек, бірақ мәселе онда емес, ең маңыздысы сол сезімді басқара білу. Үнемі еркелете берсе, балаға ол кері әсерін тигізеді. Кейбір ата-ана баланың ыңқыл–сынқылын әлдебір табиғи нәрсе ретінде қабылдайды. Кей кезде тіпті баланың жағымсыз әрекеттерінің өзі де оларды қуантып жатады. Үнемі назардың ортасында болып үйренген бала нағыз дөрекі мінезді бола бастайды Баланың тыңдамауы – үлкеннің баланың алдында еш абыройы жоқтығының белгісі. Бала тәрбиесі баршамызға ортақ іс.

Проблеманың мәніБаланың балабақшаға бейімделуінің осындай сценариілері жиі кездеседі. Кейбір балаларға білмейтін жерге келіп,анасымен қоштасуы өте ауыр болады. Оған сізсіз осы орта үйреншікті емес болып көрінеді.

Шешу жолдарыОсындай баланы балабақшаға анасы емес, әкесі немесе басқа жақын адамы әкелгені дұрыс. Мүмкін, сол кезде қоштасу балаға соншалық ауыр тимейтін шығар. Әкесінің айтқанын бала басқаша қабылдайды. Егер сізден басқа баланы балабақшаға апаратын ешкім болмаса, онда балабақшаға дейін жолды қызықты қылу керек. Міндетті түрде үйге келгенде балаңызды мадақтаңыз. Күні қалай өткенін асықпай сұрастырып әңгімелесіңіз, қалай сағынғаныңызды айтыңыз, балабақшадағы тәртібі үшін мақтаңыз.

Тағы бір кеңесБалабақшаға баратын жолмен демалыс күндерінде де қыдырып жүру қажет. Бірақта жүргенде тек қана жақсы көңілді эмоцияңызды көрсетіңіз. Өз өзіңізге сенімді болыңыз. Егер, балабақшаға жақындаған сайын баланың жылағанынан қорықсаңыз, сіздің қорыққаныңыз балаға да беріледі. Балабақша сіздерге қаншалықты керектігін өзіңіз үшін нақты шешіп алуыңыз керек. Егерде керек деп шешесеңіз, онда өз өзіңізге сенімді болып, шешіміңіздің дұрыстығында еш күмәніңіз болмасын. Сіз ұйқыдан ояндыңыз. Баланы балабақшаға апару керек, ал балаңыз балабақшаға бармаймын дейді. Сіз үйден шығуға дайынсыз, ал балаңыз жерде домалап, шыңғырып жылап жатыр. Не істеулеріңізді білмейсіз, шыдамыңыз таусылды. Жылап жатқан баланы көтеріп алып, балабақшаға жүгіріп келесіз. Баланы әрең шешіндіресіз, бала әлі де жылап, сізден айырылмайды. Тәрбиеші әрең дегенде баланы сізден айырып алып топқа кіргізеді. Сіз балабақшаның есігін жауып, кетіп бара жатып, балам әлі де жылап жатқан шығар деп, терезеге қарайсыз. Не көресіз? Балаңыз жастарын сүртіп түк болмаған сияқты басқа балалармен ойнап кетті.

Қорытындылай келе, бала бойындағы танымдық процестер, соның ішінде қиялдың көрініс табуы үлкен маңызға ие. Мектепке дейінгі ұйым - озық тәжірибенің жинақталуы мен таратылуының алғашқы сатысы, мұнда ғылым жетістіктері, тәрбиешілердің тәжірибесі, олардың шығармашылығы мен мәдениетінен көрнекті түрде байқалады. Қиялдың бала өмірінде маңыздылығы өте жоғары екені белгілі. Қиял арқылы баланың ойлауын мен қиялдауын қалыптастырады. Қиялды балада дамыту мен қалыптастыру өте жас кезінен қадағаланып қана қоймай, болашақ ұрпағымыздың саналы да ақылды, ойы ұшқыр болуы үшін  қиялдылықты тәрбиелеуіміз қажет деген ойдамын.