«Айгөлек» МДБМ кезекті жеңісі
11-12-2017 08:40
«Айгөлек» МДБМ кезекті жеңісі
8 мен 10 желтоқсан аралығында «Атадан Мұра» қорының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, IIIреспубликалық «Тәуелсіздік – тұғырым»байқауы өтті. Осы байқауға КМҚК «Айгөлек» МДБМ тәрбиеленушісі Усюрова  Айзере  Дауренқызы «Тәуелсіз Қазақстаным» әнімен 3-жүлделі орын алып келді. Әр номинация әр түрлі жас санаттарына қарай бөлінді. 4 жасар Айзере «Вокал» номинациясы бойынша мектепке дейінгі топтың қатысушысы болды. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: балалардың патриоттық сезімдерін, өнерге деген махаббатын көтеру және олардың рухани дамуы мен көркемдік өсуін жоғарылату. Әр түрлі қаланың балаларының арасында шығармашылық, мәдениеттік және достық қарым-қатынас бекіту, шығармашылық ұжымдардың жетекшілерінің кәсіби біліктілігін арттыру, бала шығармашылығын насихаттау. Біз кішкентай «жұлдызшамызды» құттықтаймыз және оған шығармашылық табыстар тілейміз!!!