«Бірлігіміз жарасқан»
27-04-2017 07:45
«Бірлігіміз жарасқан»

«Айгөлек» МДБМ балалармен Қазақстан халықтарының Бірлік күніне арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелер көңілді және ашық-жарқын өтті. Музыка залында жайлы да мейірімді көңіл-күй орнап тұрды. Кіші жастағы балаларға ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қуыршақ театры көрсетілді. Балалар достық туралы әндер айтып, өлеңдер мен мақал-мәтелдерді жатқа оқыды. Қазақстан халықтарының ойындарына белсене қатысты. Барлық балалар мерекеден үлкен эмоциялық көңіл-күй алды.