Наурыз мейрамы
16-03-2017 10:25
Наурыз мейрамы

«Айгөлек» балабақшасында Наурыз мейрамына арналған ертеңгіліктер қызықты да, көңілді өтті. Балаларға қонаққа Әже келіп, Наурыз мерекесінің салт-дәстүрі туралы әңгімелеп берді. Көктемгі ән мен күйлер, билер, көңілді ойындар, тосынсыйлар балалардың көңілін көтерді. «Жыл басына таласқан хайуанаттар?» көрінісі қызықты қойылды. «Айгөлек», «Тақия тастамақ» ойындарына барлық бала қатысты. Ұлттық нақышта безендірілген музыка залында мерекелік көңіл-күй сезіледі.