«Ұшқын» дебат клубының ақпараты
27-11-2023 12:05
«Ұшқын» дебат клубының ақпараты

 25.11.2023 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №9 жалпы білім беретін мектебі КММ жанындағы «Ұшқын» дебат клубының ұйымдастыруымен «SHOQAN CUP II» дәстүрлі қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің мақсаты: Қалалық пікірсайыс қозғалысын дамыту және жастардың зияткерлік әлеуеттерін бағыттауға қолдау көрсету.

Турнирге 8-11 сыныптардан құралған 15 фракция белсенді қатысты.

Алты раундқа жалғасқан, қызу пікірсайыс ойындарының нәтижесінде:

Жастар финалының жүлдегерлері:

I орын - «Прогресс» фракциясы (М.Русаков атындағы №2 мектеп-интернат);

II орын - «Ділмар» фракциясы (М.Русаков атындағы №2 мектеп-интернат);

III орын - «Сәкен жастары» фракциясы (№5 жалпы білім беретін мектеп);

III орын - «Болашақ» фракциясы (Ы. Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі).

«Үздік спикер» номинациясы - Мүкәрам Қазыбекби, «Ділмар» фракциясы (М.Русаков атындағы   №2 мектеп-интернат);

Негізгі финалдың жүлдегерлері:

Бас жүлде - «Зияткер» фракциясы («Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейі);

I орын - «Әлихан мұрагерлері» фракциясы (Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей);

II орын - «Өркен» фракциясы (Б.Момышұлы атындағы ЖББМ);

III орын - «Әлихан мұрагерлері-2» фракциясы (Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей).

«Үздік спикер» номинациясы - Айтқазы Даяна, (Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей).

«Үздік төреші» номинациясы – №5 жалпы білім беретін мектеп 11 сынып оқушысы – Мұрат Сұлтан.

«Үздік төреші» номинациясы – «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжі «Жұлдыз» ИДК мүшесі – Махабаев Ерсұлтан.

Турнирге қатысушылар кубок, медаль, диплом, сертификаттармен және де сыйлықтармен марапатталды. «SHOQAN CUP II» дәстүрлі қалалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті.