«Ұшқын» дебат клубының ақпараты
27-09-2023 12:33
«Ұшқын» дебат клубының ақпараты
27.09.2023 күні «Ұшқын» дебат клубының ұйымдастыруымен Американдық парламенттік форматында (АПФ) мектепішілік пікірсайыс турнирі өтті. Турнирдің мақсаты Оқушылардың дебат ережесі туралы толық ойын қалыптастыру, танымдық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын,есте сақтау қабілеттерін дамыту. Турнир бойынша 8 фракция ойынға қатысты.Төрешілер топтардың ойындарына әділ төреліктерін жасап, дәлелдермен нақты сөйлеген спикерлерді ерекше атап өтті. Алдағы ойындарға сәттілік тілеп, жіберілген кемшіліктер туралы да айтты.