«Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылында 7-8 сынып оқушыларына арналған география пәнінен қалалық «Шоқан Уәлиханов» атындағы олимпиада ақпараты
24-03-2023 12:46
«Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2022-2023 оқу жылында 7-8 сынып оқушыларына арналған   география пәнінен қалалық «Шоқан Уәлиханов» атындағы олимпиада ақпараты

   2023 жылдың наурыз айының 03 күні №9 жалпы білім беретін мектебіндеҚазақтың шоқ жұлдызы, ұлы ағартушысы Шоқан Уәлихановқа арналған пәндік олимпиаданың ашылуына салтанатты жиын өтті. «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, олимпиадаға қала мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасынан 28 оқушы қатысты. Олимпиада екі тілде жүргізілді. Ашылу салтанатына Балқаш қаласының құрметті азаматы, білім саласының  ардагері Сыздыкова Шайзада Рыскуловна, Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің директоры Кожаков Даулет Асанханович, білім бөлімінің әдіскері Айнабекова Куляш Кайыркеновна қатысты. Олимпиада барысында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар жүлделі орындармен марапатталады.