«Мейірім толы - жүрек»
02-02-2023 17:35
«Мейірім толы -  жүрек»

02.02.2023 күні ЖББ №9 мектеп парламент ұйымы мүшелері  "Улкен Журек "Балқаш қалалық қоғамдық бірлестігіне барып, «Мейірім толы -  жүрек» атты қамқорлық акциясын ұйымдастырды. Қамқорлық акция барысында оқушылар концерттік бағдарлама дайындап,  ертегі кейіпкерлерімен бірге көңілді би билеп, ән шырқады. Сонымен қатар мектеп парламентінің мүшелері тәтті сыйлықтар  табыстады. Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымды, мейірімді  адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық  жасауға әзір тұрады. Сондықтан әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен қарайық!!!

#Қарағандыоблысыбілім09

 #ҚОББТӘРБИЕ

#uo_krg

#balkash_qalasy_bilim_bolimi