«Ұшқын» дебат клубының ұйымдастыруымен «SHOQAN CUP I» дәстүрлі қалалық пікірсайыс турнирінің ақпараты
28-11-2022 11:03
«Ұшқын» дебат клубының ұйымдастыруымен «SHOQAN CUP I» дәстүрлі қалалық пікірсайыс турнирінің ақпараты

25.11.2022 күні Қарағанды облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің №9 жалпы білім беретін мектебі КММ жанындағы «Ұшқын» дебат клубының ұйымдастыруымен «SHOQAN CUP I» дәстүрлі қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты: Қалалық пікірсайыс қозғалысын дамыту және жастардың зияткерлік әлеуеттерін бағыттауға қолдау көрсету.

Турнирге 8-11 сыныптардан құралған 8 фракция белсенді қатысты:

1.  «Сана» фракциясы (Абай атындағы №2 мектеп-лицей);

2.  «Ділмар» фракциясы (М.Русаков атындағы №2 мектеп-интернат);

3.  «Жас-Star» фракциясы (№5 ЖББ мектебі);

4.  «Болашақ» фракциясы (Саяқ кентінің №6 жалпы ЖББ мектебі);

5.  «Өркен» фракциясы (Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектебі);

6.  «Әлихан мұрагерлері» фракциясы (Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей);

7.  «Болашақ» фракциясы (Ы. Алтынсарин атындағы №25 ЖББ мектебі);

8.  «Зияткер» фракциясы («Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейі).

«SHOQAN CUP I» дәстүрлі қалалық пікірсайыс турнирі турниры барысында келесі резолюциялар (қарарлар) талқыланды:

1.  БП Қазақстан экономикасы әлемдік бәсекеге қабілетті деп есептейді;

2.  БП Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатын қолдайды;

3.  БП Қазақ тарихындағы ең үлкен қателікті көрсетеді;

4.  БП Қазақстан үшін басты қауіпті анықтайды;

5.  БП Қазақстандағы гендерлік саясатты сынайды.

Алты раундқа жалғасқан, қызу пікірсайыс ойындарының нәтижесінде:

1-орын – «Сана» фракциясы (Абай атындағы №2 мектеп-лицей);.

2-орын – «Әлихан мұрагерлері» фракциясы (Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей);

3-орын (жүлделі) – «Жас-Star» фракциясы (№5 ЖББМ);

3-орын (финалисттер) – «Өркен» фракциясы (Б.Момышұлы атындағы ЖББМ);

«Үздік спикер» номинациясы – Абылкаирова Жанель, «Әлихан мұрагерлері» фракциясы (Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей);

«Үздік төреші» номинациясы – «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжі «Жұлдыз» ИДК мүшесі – Төкен Ернат.Турнирге қатысушылар кубок, медаль, диплом, сертификаттармен және де сыйлықтармен марапатталды. «SHOQAN CUP I» дәстүрлі қалалық пікірсайыс турнирі жоғары деңгейде өтті.