«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясының ақпараты
10-11-2021 23:06
«Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясының ақпараты
Балқаш қаласы №9 жалпы білім беретін мектебінде Мектеп президенті бастауыш сынып оқушыларына мектеп кітапханасында «Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясын өткізді. Акция барысында оқушыларға кітапты күту және дұрыс ұстау ережелерін айтып, мектеп бағдарламасындағы кітаптардың жөні тіптен бөлек екенін, олардан кейінгі буынның да ұстайтынын айтып өтті. Мектеп парламенті ұйымының мүшелері мен мектеп кітапханашысы 1-4,8,9сынып оқушыларының кітаптарын тексеріп шықты. Мектеп бойынша барлығы 528 оқулық тексерілді. Олардың 15-і бүлінген,10 шақты кітап қапталмаған. Кітаптары қапталмаған, шимайланған және жыртылған оқушыларға және мұғалімдеріне ескерту айтылды. Айтылған ескертулерді түзету үшін мектеп парламенті ұйымының оқушылары мен мектеп кітапханашысы әр дүйсенбі сайын оқулықтарды тексеруді қолға алды.