Дебаттық турнир
07-10-2021 15:06
Дебаттық турнир

      «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми -практикалық орталығының жоспарын іске асыру аясында 2021 жылдың 7 қазанында Оқушылар сарайының  ұйымдастыруымен  дебаттық  турнирінің қалалық кезеңі өтті.  Турнир барысында жас спикерлер қарарлар бойынша өз пікірлерін білдірді:

• БП адамдардың бос уақытын көбейту мақсатында экономикалық өсуді, дамуды және прогрессті төмендетеді.

• БП үкімет қала тұрғындарын ауылдық жерлерге көшіру үшін айтарлықтай қаржылық ынталандыру керек д.е.

• БП ғарыштық ұшуларды шектеу (шектеу дегеніміз реттеу, бақылау, қадағалау, азайту) керек деп есептейді.

• БП жануарларға зертханалық жұмыс жүргізуге тыйым салады.Мектебіміздің "Ұшқын" командасы жүлделі ІІІ орынды иеленді .