«Әлихан Бөкейхан – Тәуелсіздік жолында» атты дәстүрлі ІІ қалалық ғылыми-практикалық конференциясы
18-02-2022 09:41
«Әлихан Бөкейхан – Тәуелсіздік жолында» атты дәстүрлі ІІ қалалық ғылыми-практикалық конференциясы

«Әлихан Бөкейхан – Тәуелсіздік жолында» атты дәстүрлі ІІ қалалық ғылыми-практикалық конференциясы Қарағанда облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі КММ» өткізді.

Конференция мақсаты: Тәуелсіздік құндылығын дәріптеу және «Әлихантану» жобасы арқылы оқушылардың оқу-зерттеушілік әлеуетін арттыру.

Конференцияға қала мектептерінің оқу-ғылыми жетекшілері, мұғалімдері, оқушылары қатысты.

Конференция 7 бағытта құрылған. Балқаш қаласы білім бөлімінің жалпы білім беретін №9 мектептің 9-сынып оқушысы Кенжехан Олжас «Әлихан Бөкейхан және Қазақ интеллигенциясы» тақырыбы бойынша ғылыми жобасын қорғап 2 ші жүлделі орынға ие болды. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Әбдіғаппар Үміт Сейтжанқызы.