«Егеменді елім менің - Қазақстан» атты танымдық сағат (кітапхана)
5-9 сыныптар арасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына арналған «Егеменді елім менің - Қазақстан» атты танымдық сағат (кітапхана) өткізілді. Танымдық сағаттың мақсаты:Елін, жерін, Отанын сүюге, өз елінің ұланы, патриоты болуға тәрбиелеу. Танымдық сағатқа тақырып аясында кітап көрмесі қойылып, лицей оқушыларына еліміздің
Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан,
Тарихы оның тым ертеден басталған.
Бодандықтан құтқарам деп елімді,
Талай боздақ қара жерді жастанған - дей отырып, Тәуелсіздікке қалай жеттік, сол тарихи оқиғалардан бейнебаян көрсетіліп, ақпараттар берілді. Ұсынылған мәліметтер аясында оқушыларға тарихымыздан бірнеше сұрақтар қойылып, 5 Б, 6 А, 6 Б, 6 В, 8 А, 8 Б сынып оқушылары Тәуелсіздікке арналған жыр шашуларын тарту етті.