Директор блогы

Біздің сайтқа қош келдіңіз!

 

 

 

Құрметті әріптестер, ата-аналар, оқушылар, сондай-ақ қонақтар!

 

 Абай атындағы №2 мектеп-лицейдің ресми сайтына қош келдіңіздер!

          Мектепте көп нәрсе өзгеріске ұшырап жатса да,  мектептің  оқушылары   мен олардың ата-аналарына арналған жайлы жағдайлар, олардың  дамуы және қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан жағдайлар тұрақты түрде қамтамасыз етіледі. 

       Біздің мектептің әрбір мұғалімі оның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді түсінетіні сөзсіз: қазіргі заманғы ашық ақпараттық қоғамда дұрыс бағыт-бағдар алу дағдыларын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының нағыз азаматтарын, достықты бағалайтын, жақындары мен туыстарына қамқорлық жасайтын өз елінің патриоттарын тәрбиелеу.

         Сіздердің әрқайсыларыңыз біздің сайтта орналасқан ақпараттардан өздеріңіз үшін маңызды және жаңа мәлімет таба аласыздар деп ойлаймын: мектеп жаңалықтары, оқу-тәрбие процесін реттейтін негізгі нормативтік актілер, әкімшілік мүшелері мен мұғалімдердің ақпараттық хабарламалары.

      Біздің мектептің жетістігінің кепілі-өзара сыйластық пен өзара көмекке негізделген мұғалімдердің, оқушылардың және олардың ата-аналарының тығыз ынтымақтастығы, ерекше, эмоционалды тартымды орта, жалпы мектеп мерекелерінің, түрлі конкурстардың, фестивальдердің, шығармашылық ойындардың жанды атмосферасы.

        Сайтта орналастырылған барлық ақпарат сізді мектептің тарихымен, оның дәстүрлерімен, оқудағы жетістіктерімен, спорттық іс-шаралармен, музыкалық және көркемөнер байқауларымен таныстырады.

        Осы сайттың арқылы мен сіздерден мектептің жұмысы және оның барлық қызметтері туралы пікірлер, ұсыныстар-кеңестер аламын деп үміттенемін.

 

                           Біздің сайтқа қош келдіңіз!

 

Мектеп-лицей директорының м.а                        М.С.Байтурганова