«EsepBattl» ойын – сайысы
«Ғылым және технология» жаратылыстану – ғылыми сауаттылығы апталығы аясында 10 сәуір күні 11 А, 10 А сынып оқушылары арасында физика пәні мұғалімі Ж.Т.Рахимова «EsepBattl» ойын – сайысын өткізді. Ойынның мақсаты – оқушылардың физикалық білімдерін жинақтау,тереңдету, шапшаңдыққа, алғырлыққа, көшбасшылыққа тәрбиелеу. Сайыс: уақыт машинасымен жарыс деп аталатын он сұрақтан тұратын викторинаға мүдірмей жауап беруден басталды. Одан кейін артығын тап, сәйкестендір тапсырмасында оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен сыни ойлау қабілеттері сыналды. Есі кеткен есептер бөлімінде есептегі әртүрлі қателерді табу – оқушылардың проблемалық ойлау қабілеттерін дамытып, ашықтыққа тәрбиелейді. Және EsepBattl деген бөлімде физикадан әртүрлі деңгейдегі есептерді тез және дұрыс шығара алу дағдылары сынға түсті. Сайыс нәтижесінде 10 А сынып оқушылары жеңімпаз атанып, 11 А сынып оқушылары жақсы ойын көрсеткендіктері үшін сертификатпен марапатталды.